Препарат № 56
Тырнақ
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі лупа х10.
1-тырнақ білігінің эпидермисі; 2–тырнақ білігі; 3-тырнақ үсті терісі; 4-тырнақ матрицасы; 5-өсу қабаты; 6- тырнақ пластинкасы; 7-саусақтың фалангасы
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Препарат тырнақ пен оның астындағы тіндер арқылы өткен тік, бойлық кесінді. Тырнақ 2 негізгі бөлімнен құралған: 1) тырнақ пластинкасы; 2) тырнақ арнасы, оның пластинкасын тырнақ деп атаймыз. Тырнақ пластинкасы 3-ке бөлінеді: 1) тырнақтың түбірі; 2) тырнақтың денесі; 3) тырнақтың ұшы.
Тырнақтың түбірі тері қатпарымен қапталған. Денесі бұл ашық, көрініп тұрған бөлімі. Тырнақ пластинкасы-эпидермистің мүйізденген тығыз бөлігі, мүйізденген қабыршықтардан құралған. Әр жерінде ядросы сақталған.
Тырнақ арнасы тырнақ пластинкасының астында орналасқан. Ол 2 бөлімнен құралған. 1) Эпителиальді тырнақ арнасы-гипонихиум, терінің өсуші қабатының жалғасы болып саналады, құрылысы дәл сондай.
2) Дәнекер тінді тырнақ арнасы. Бұл тығыз дәнекер тінді қабат, эластинді талшықтарға бай.
Талшықтардың бір бөлігі тырнақ пластинкасына параллель, екінші бөлігі перпендикуляр бағытталған. Тырнақ арнасы емізікшелі қабат түзбейді.
Оның орнына бойлық қатпарлар құрайды. Ол қатпарларда тырнақты қоректендіруші қан тамырлары өтеді. Тырнақтың түбірі тырнақ арнасының эпителийінде орналасқан. Бұл аймақ тырнақ матрицасы деп аталады. Аймақ эпидермистің өсу қабатының көбеюші жасушаларынан құралған.
Бұл жерде дәнді және жылтыр қабат болмайды. Жоғарғы қабат мүйізденеді. Тырнақ түбірінің астында жатқан дәнекер тін сорғышты қабат құрайды. Қабатта қан тамырлары көп.
Тері және оның туындылары бойынша сұрақтар:
1. Эпидермистің және дерманың даму көздерін атаңдар?
2. Қалың және жұқа терінің бір-бірінен айырмашылығын атаңдар?
3. Қандай жасушалар эпидермис регенерациясының көзі болып табылады?
4. Терінің қабыршықталу процессі эпидермистегі қандай өзгерістерге
байланысты?
5. Саусақтағы тері суреті қандай құрылыммен байланысты?
6. Апокринді тері безінің морфологиялық ерекшеліктерін атаңдар.
7. Без препаратында қандай құрылымдарды көруге болады?
8. Шаш құрылымдарын толық зерттеу үшін көлденең кесіндіні қай деңгейде
өткізу керек?
9. Шаштың өсуі қай жасушалардың полиферациясына байланысты?
10. Шаш түбірінің орталық деңгейінде алынған препаратта қандай құрылымдарды көруге болады?
11. Шаштың төменгі пиязшық деңгейінде алынған препаратта қандай құрылымдарды көруге болады?
12. Шаштың бойлық кесіндісінде қандай құрылымдарды және қандай заттарды көруге болады?
13. musculus erector pyli қай жерде орналасқан және қандай қызмет атқарады?
14. Тырнақ қандай бөлімдерден тұрады?
15. Тырнақ неден құралған?
16. Қандай қызметтер теріде орындалмайды?
17. Тері эпидермисінде болмайтын қай жасуша?
18. Шаштың өсуі қай жасушаның бөлінуі арқылы жүреді?
19. Тері дермасының даму тегі деп нені атайды?
20. Тері эпидермисінің даму тегі қалай аталады?
21. Тері эпидермисі қай эпителийге жатады?
22. Тері дермасының емізіктік бөлігіндегі қандай тін?
23. Тері эпидермисінде пигмент бөлетін қай жасуша?
24. Меланоциттердің даму тегі қалай аталады?
25. Эпидермистің қай қабатында көбейгіш жасушалар орналасқан?
26. Терідегі май бездері секрет бөлу жағынан қай типке жатады?
27. Тері дермасының торлы бөлігіндегі қандай тін?
28. Эпидермистің қай қабатындағы жасушаларда элеидин белогы бар?
29. Эпидермистің қандай қабатындағы жасушаларда кератогиалин түйірішіктері жиналады?
30. Эпидермистің қай қабатында кератин көп?
31. Адам терісінің жоғарғы бетінің суреті әрбір адамда әртүрлі болуы неге байланысты?
32. Дерманың торлы қабатында не кездеспейді?
Тері және оның туындылары бойынша тестілер:
1. Көрсетілген қызметтер теріде орындалмайды
А. қан депосы
B. Д-витамин синтезі
C. су-тұз алмасу, жылу бөліну
D. улы заттардың инактивациясы
E. рецепторлардың орналасуы
2. Тері эпидермисінде болмайтын жасуша
А. фибробластар
B. меланоциттер
C. ішкі эпидермальды макрофагтар
D. эпителиоциттер
Е. мүйізді жасуша
3. Шаштың өсуі жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді.
А. шаш пиязшығы
B. қыртысты зат
C. шаш емізіктері
D. милы зат
E. шаш фолликулясы
4. Тері дермасының даму тегі:
А. дерматом
В. тері эктодермасы
С. миотом
D. склеротом
Е. спланхнотом
5. Тері эпидермисінің даму тегі:
А. тері экдодермасы
В. дерматом
С. склеротом
D. миотом
Е. спланхнотом
6. Тері эпидермисі эпителийге жатады:
А. көпқабатты жалпақ мүйізденетін
В. көпқабатты жалпақ мүізденбейтін
С. бірқабатты призма тәрізді
D. көп қатарлы кірпікшелі
Е. ауыспалы
7. Тері дермасының емізіктік бөлігіндегі тін:
А. борпылдақ қалыптаспаған
В. тығыз қалыптасқан
С. тығыз қалыптаспаған
D. ретикулярлық
Е. лимфоидтық
8.Тері эпидермисінде пигмент бөлетін жасуша:
А. меланоцит
В. кератиноцит
С. меркель жасушасы
D. макрофаг
Е. лимфоцит
9. Меланоциттердің даму тегі:
А. нерв жотасы
В. плакода
С. дерматом
D. склеротом
Е. миотом
10. Эпидермистің қабатында көбейгіш клеткалар орналасқан:
А. базальді
В. тікенекті
С. дәнді
D. жылтыр
Е. мүйізді
11.Терідегі май бездері секрет бөлу жағынан типке жатады:
А. голокринді
В. мерокринді
С. микро-апокринді
D. макроапокринді
Е. апокринді
12. Тері дермасының торлы бөлігіндегі тін:
А. тығыз қалыптаспаған
В. борпылдақ қалыптаспаған
С. тығыз қалыптасқан
D. ретикулярлық
Е. лимфоидтық
13. Эпидермистің қабатындағы жасушаларда элеидин белогы бар:
А. жылтыр
В. базальді
С. тікенекті
D. дәнді
Е. мүйізді
14.Эпидермистің қабатындағы жасушаларда кератогиалин түйірішіктері жиналады:
А. дәнді
В. базальді
С. тікенекті
D. жылтыр
Е. мүйізді
15. Эпидермистің қабатында кератин көп:
А. мүйізді
В. дәнді
С. жылтыр
D. тікенекті
Е. Базальді
16. Адам терісінің жоғарғы бетінің суреті әрбір адамда әртүрлі болуы байланысты:
А. дерманың еміздік қабатына
В. дерманың торлы қабатына
С. базальді мембранаға
D. тері асты клетчаткаға
Е. эпидермистің базальді қабатына
17. Теріде эпителиальды жасушалар кездеседі:
А. эпидермисте
В. тер шығару бездерінде
С. дерманың торлы қабатында
D. тері асты клетчаткада
Е. дерманың емізік қабатында
18. Тері эпидермисінде кездесетін ең көп жасуша:
А. кератиноцит
В. меланоцит
С меркель жасушасы
D. лимфоцит
Е. лангерганс жасушасы
19. Тер және май бездерінің соңғы бөліктерінің орналасуы:
А. дерманың торлы қабатында
В. эпидермисте
С. эерманың емізік қабатында
D. тері асты клетчаткада
Е. эпидермис пен дерма шекарасында
20. Меланоциттерге тән емес:
А. десмосомалар болуы
В. өсінділер болуы
С. пигменттік түйіршіктер болуы
D. нерв жотасынан даму
Е. қорғаныстық қызмет атқару
21. Дерманың торлы қабатында кездеспейді.
А. көлденең жолақты бұлшық ет талшығы
В. жуан коллаген талшықтары
С. эластин талшықтары
D. фибробластар
Е. май және тер бездері
22. Әртүрлі пішінді, ядролары бар және тонофибрилдары көп клеткалар эпидермистің қабатында кездеседі.
А. тікенекті
В. базальды
С. жылтыр
D. дәнді
Е. мүйізді
23. Мононуклеарлық фагоциттерге жататын эпидермис клеткасы:
А. Лангерганс жасушалары
В. кератиноцит
С. меланоцит
D. фибробласт
Е. Меркель жасушалары
24. Қалың терінің эпидермисі 5 қабаттан тұрады
A. базальды, тікенекті, дәнді, жылтыр, қабыршақты
B. базальды, дәнді, жылтыр, қабыршақты, бүрлі қабық
C. базальды, тікенекті, жылтыр, торлы қабық, қабыршақты
D.торлы, бүрлі, тікенекті, дәнді, базалды
E. базальды, бүрлі, дәнді, жылтыр, қабыршақты
25. Дермада екі қабат болады.
A. бүрлі, торлы
B. бүрлі, жылтыр
C. толы, қабыршақты
D. дәнді, қабыршақты
E. жылтыр, торлы
26. Жұқа терінің эпидермисі төрт қабаттан тұрады
A. базальды, тікенекті, дәнді, қабыршақты
B. базальды, торлы, бүрлі, қабыршақты
C. торлы, базальды, дәнді, бүрлі
D. тікенекті, базальды, бүрлі, торлы
E. базальды, бүрлі, торлы, жылтыр
27. Жұқа терінің туындылары
A. шаш пен байланысқан май бездері, шашты көтеретін бұлшықеттер, тері бездері
B. тырнақ, шаш, шаш көтеретін бұлшықет, тері бездері
C. шаш көтеретін бұлшықет, май бездері, тырнақ
D. тырнақ, шаш, тері бездері, май бездері
E. шаш, шаш көтеретін бұлшықет, тырнақ, қоңыр май бездері
28. Эпителий ішілік макрофагтар дамиды:
A. моноциттерден
B. базофильдерден
C. эозинофильдерден
D. лимфоциттерден
E. мегокариоциттерден
29. Мерокринді бездер
A. секретті бөліп жасуша өз тұтастығын сақтайды
B. секретті бөлмейді жасуша өз тұтастығын сақтайды
C. секртетті бөліп жасуша өз тұтастығын сақтамайды
D. секретті бөліп апикальды бөлігін бұзады
E.секретті бөліп апикалды бөлігін бұзбайды
30. Апокринді бездер
A. жасушалардың апикальды бөлігі секреция кезінде бұзылады
B.жасушалардың апикальды бөлігі секреция кезінде бұзылмайды
C. жасушалардың базалды бөлігі секреция кезінде бұзылады
D. жасушалардың базалды және апикальды бөлігі секреция кезінде бұзылады
E. жасушалардың апикальды бөлігі секреция кезінде жартылай бұзылады
Несеп шығару жүйесi.
Несеп жүйесі несеп түзуші (бүйрек) және несеп шығарушы ағзалардан (несепағар, қуық, несеп шығару каналынан) тұрады. Зат алмасуда пайда болған қалдық заттардың 80% -ті сонымен қатар, су және электролиттер несеп арқылы ағзадан шығып кетеді. Бүйрек, несепті пайда етуші ағза ретінде ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтауда үлкен маңызға ие. Бүйрек науқастанған кезде гомеостаз бұзылады: тіндерде су жиналады іседі, зат алмасудың қалдық заттарымен өз-өзімен улануы байқалады. Дұрыс диагностикалау және емдеу үшін лаборатория анализдері клиникалық зеріттеулер, гистологиялық тексеруге ағзадан материал алу (биопсия) қолданады. Бұл тексерулердің барлығы несеп шығару ағзалары гистофизиологиясы туралы білім негізінде өтеді.
Несеп шығару жүйесі ағзаларына бүйрек, несеп ағу түтігі, қуық, несеп шығару каналы,жыныс мүшелері.
Бүйрек – несеп құраушы ағза, жұп ағза. Ол омыртқа жотасының екі жағында, бел аймағында XІІ кеуде-ІІ бел омыртқалар деңгейінде орналасқан. Ол адамның жынысына, жасына, тамақтануына байланысты болады. Нәрестелерде және кеуде жасындағы балаларда үлкен және төмен орналасқан. Кәрілік жаста бүйрек төмен орналасқан. Себебі, бүйрек маңы май тіндерінің көлемінің азаюы болып табылады. Ер адамдарға қарағанда әйелдерде төмен орналасқан. Несеп құрай отырып, бүйрек шығынды улы заттарды (зәрлі қосылыстар, несеп т.б) ағзалардан шығарады. Сондай–ақ су тұз метаболизмі реакциясын реттейді, артерияда қысымның бірқалыпты болуында, қышқыл-негізді теңдікті сақтауда және эндокринді қызмет атқарады. Соңғы бүйрек ұрықтың екі айлығында қалыптасады, бірақ толық қалыптасуы нәрестенің туылғаннан кейін бітеді. Бүйрек қызметі эмбрионалды кезеңнің екінші жартысында басталады. Бұл бүйрек екі бастамадан дамиды – мезонефралды түтіктен және нефрогенді тіннен. Мезодермалды түтік несеп ағар түтікке, бүйрек қақпасына, бүйрек тостағаншаларына, емізік тәрізді каналдарға және жинағыш түтікшелерге бастама береді. Нефрогенді тіннен бүйрек каналшалары дифференциаланады. Бір басында тамырлы шоғырды қамтитын капсула түзеді. Ал екінші басында жинағыш түтікшелермен жалғасады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1115 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|