Препарат № 4
Жұлын (мойынның қалыңдаған бөлігі).
Бояуы: күміспен өңдеу. Үлкейтуі об.40, ок. 10.
1-соматомоторлық ядроның мультиполярлық түбірлі нейроны; 2-ақ зат: а-миеленді жүйке талшықтары; 3-глиальды қатпарлар (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Жұлынның көлденең кесіндісі әр бөлігінде әртүрлі пішінді және құрылысы да әртүрлі. Бірақ құрылысының ортақ көрінісі сақталған. Оқу тәжірибелік зерттеуге мойын бөлігіндегі кесіндісін аламыз. Бұл кесінді пішіні жағынан сопақша болып келеді. Әдеттегідей ақ заты шетінде, ал ортасында сұр заты орналасады. Оның пішіні көбелек тәрізді немесе Н әрпіне ұқсас келеді. Сұр заты мынадай бөліктерден тұрады:1) алдынғы мүйіздерден, шамамен дөңгелектеу пішінді. 2) әлдеқайда жіңішке, ұзын мүйізі, артқы бөлігіне ауысады, бірақ жұлыннан шеткі ағзаларға кетеді 3) шамамен алдынғы және артқы мүйіздер аралығында шығыңқы келген бөлігі бар. Бұл құрылымдар жұлынның оң бөлігінде де сол бөлігінде де бірдей. Сұр затының екі жартысы өзіндік байлам (спайка) арқылы байланысқан. Осы бөліктің ортасында қуыс болады, бұл қуыс жұлын өзегі. Олар эпендима жасушаларымен қапталған.
Алдыңғы мүйіздерінде мультиполярлы қозғатушы жүйке жасушалары анық байқалады. Оларды Дейтерс жасушалары деп атайды.
Бұл жасушалар жұлынның қозғатушы ядроларын құрап, бөлек шоғырланған күйінде біріншілік мүйіздерде орналасады. Әдетте оларды медиальды, латеральды, орталық ядролар деп бөледі. Бұл ядролар алдыңғы мүйіздердің вентральды бөлігінде орналасқан. Алдыңғы мүйіздердің орта бөлімінде шеткі ядролар орналасқан. Мұнда ұсақ жүйке жасушаларының жиынтығын көруге болады. Осы жүйке жасушаларынан: 1) аралық ядролар; 2) латеральды вегетативті ядролар қалыптасады. Сұр заттың дорсальді бөлімінде, яғни артқы мүйіздерінде ұсақ жүйке жасушалары көптеп орналасады. Олар жинақталған, шоғырланған жасушалар. Жасуша өсінділері жұлынның ақ затына кіреді, яғни жұлын мен бас ми қыртысын жалғастырушы шоғырларын өткізуші талшықтары болады. Басқа жасуша шоғырларының өсінділері жұлыннан шығып мидың ассоциялық аппараты қызметін атқарады..
Жұлынның ақ заты біріншіден жұмсақ жүйке талшықтарынан құралған. Жұмсақ жүйке талшықтарының, көлденең кесіндіде сақина пішінді құрылым көрінеді, ол меншікті жұмсақ қабаты. Сақинаның ортасында қара нүкте бар, ол біліктік цилиндрдің көлденең кесіндісі.
Жұмсақ жүйке талшықтары ақ затта бөлек шоғырланған көрінісінде болады. Олар мидың өткізгіш жолдары. Жұлынның өткізгіш жүйесі білікке радиальды бағытталған. Жұлынның радиальды бағытында жеке жүйке талшықтары өтеді. Олар өткізгіш жолдарды бірнеше аймаққа бөледі. Бұл радиальды талшықтар сұр заттан бастама алады. Жұлында меншікті элементтерден басқа көптеген жасушалар, нейроглиальды талшықтары болады, бірақ арнайы зерттеусіз оларды айқындау қиын. Жұлынның сыртын жұлын қабаттары қоршап тұрады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 952 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|