Апокринді тері бездері
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.90, ок.10.
1-меншікті терінің торлы қабаты; 2- тері безінің соңғы бөлімі; 3-тері безінің шығару түтікшесі; 4-май жасушалары; 5-миоэпителиальді жасушаның ядросы (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Препарат қолтық асты аймағының терісінен дайындалған. Кесіндіде тері және тері асты май клетчаткасы көрінеді. Эпидермальді қабат жұқа, ал дәнекер тінді қабаты жақсы дамыған. Ол жерде апокринді тері бездері орналасқан. Бұл ірі бездер. Олардың мерокринді бездер сияқты: 1) соңғы секреттеуші бөлімі 2) шығарушы түтікшелері болады. Жай тері бездерінен ерекшелігі апокринді тері бездерінің қуысы кең болады.
Кіші үлкейткіште без түтікшесінің көлденең кесіндісін тауып, оны зерттеуді үлкен үлкейткішпен көруге болады. Оның қабырғасында бір қатарда орналасқан миоэпителиальді жасушалары бар базальді мембрананы көреміз. Миоэпителиальді жасушалардың үстінде безді жасушалар, ал жасушалардың бір бөлігінің пішіні куб тәрізді, ядросы домалақ, ортасында орналасқан. Олардың маңында цилиндр пішінді жасушалар орналасады. Олардың апикальді бөлімінде секрет тамшылары болады.
Жасушаның ұшы созылып, түйреуіш пішінге ұқсас келеді. Кейін оның ұшы үзіліп, секрет бөлініп шығады. Бұл секреттер без түтікшелерінде жинақталады. Ұшы үзілген жасушалар куб пішінді болып қалады. Голокринді бездер шаштармен тығыз байланысқан. Оны «шаштың бойлық кесіндісі» препаратынан көреміз. Мерокринді бездерді тері бездерінен көреміз.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1360 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|