АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 9

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Бас мидың жұмсақ қабығы.

Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 10.

 

 

1- иірімдер арасындағы жүйке саңылауы және ондағы: тамырлары бар мидың жұмсақ

қабығы; І-молекулярлық қабат: жасушалары аз (майда тежегіш жасушалар),

талшықтары көп, ІІ-сыртқы дәнді қабат, ІІІ-пирамидті қабат, ІҮ-ішкі дәнді қабат, Ү- ірі

пирамидті жасушалардың ганглионарлы қабаты, ҮІ-полиморфты жасушалар қабаты

(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Бас мидың жұмсақ қабығы миға жанасып жататын жұқа пластинка болып табылады. Қабық өте нәзік, борпылдақ талшықты дәнекер тіндерден құрылған. Оның құрылысы мынадай:

Жұмсақ қабатта: 1) шеттік глиалды жарғақ. Бұл қабықтың ең ішкі бөлігі, ол мимен жанасады. Осы бөлім өте жіңішке жазық глиалды эпителиймен қапталған, тығыз талшықты дәнекер тіндерден құралған.

2) жұмсақ қабықтың негізгі бөлімі орналасқан. Ол борпылдақ дәнекер тіндерден түзілген. Бұл жерде көп мөлшерде түрлі бағыттағы және кей жерлерде өрімделген коллаген талшықтары байқалады. Арнайы боялғанда осы жерден көптеген ретикулярлы талшықтар айқындалады.

Жұмсақ қабықтың құрамында көптеген өзара қатынастағы саңылау аралықтар орналасқан. Бұл гиалды лимфалық аралық.

Бас мидың жұмсақ қабығы арқылы ұсақ қан тамырлар капиллярлар, артериолалар, венулалар өтеді.

Арнайы дайындалған препараттарда мидың жұмсақ қабығында төрт қабатты ажыратамыз: 1) торлы коллагенді қабат, торлы қабықтың осындай қабығымен жанасады; 2) бойлық (вертикальды) коллагенді-эластикалық қабат; 3) торлы (торсүйек) қабық; 4) терең вертикальды коллагенді қабат. Жай препараттарда бұл қабаттар айқындалмайды.

Жүйке жүйесі бойынша сұрақтар:

 

1. Ганглионарлық жүйке талшықтарының құрамына қандай нейроциттердің қай өсінділері кіреді?

2. Жұлын түйіні және оның нейроциттері қандай құрылысқа ие? Олардың рефлекторлық доғадағы орны қандай?

3. Құрсақ өрімінің құрамында қандай нейрондар кездеседі?

4. Жұлын түйіні және оның нейроциттері қандай құрылысқа ие? Олардың рефлекторлық доғадағы орны қандай?

5. Бас миы үлкен жарты шар қыртысының цито және миелоархитектонкасы қандай?

6. Жұлынның артқы мүйізіндегі миелинді талшықтар қай жерден басталады? Олардың өзегін қандай нейрондардың өсінділері құрайды?

7. Үлкен жарты шар қыртысы қабаттарында қандай нейроцит түрі бар?

8. Мишықтың қызметтері қандай?

9. Мишық қыртысының қабаттары мен оның негізгі нейроциттерінің түрлерін атаңдар?

10. Мишық қыртысына импульс әкелуші афферентті жүйке талшықтары қалай басталады және қайда аяқталады?

11. Бас мидың жұмсақ қабығының құрылысы қандай?

12. Бас мидың жұмсақ қабығының қызметі қандай?

13. Нерв тінінің даму тегі.

14. Нерв түтігі неден қалыптасады?

15. Қандай нейрондар сезімтал болып табылады?

16. Нейрондардың өсінділерінің санына қарай жіктелуіне нелер жатпайды?

17. Көп өсінділі нейроциттер қалай аталады?

18. Мишық қыртысында неше қабат болады?

19. Мишық қыртысының алмұрт тәрізді нейроциттері орналасатын

қабаты қалай аталады?

 

 

Жүйке жүйесі бойынша есептер:

 

1. Екі микросуретте мультиполярлық нейрондардан құралған интрамуральды және экстраорганизмді жүйке ганглийлері берілген. Бұл қандай ганглийлер және оларда қызметіне байланысты қандай нейрондар кездеседі?

2. Зерттеушінің алдына шеттік жүйке жүйесінің сезімтал нейрондарын зерттеу мақсаты қойылған.Олар шеттік жүйке жүйесінің қай ағзаларында кездеседі? Оларды қандай белгілеріне қарап қозғатушы нейрондардан ажыратуға болады?

3. Жұлын препаратының алдыңғы мүйізінде жүйке талшықтары көрінеді. Осы талшықтарды құраушы нейрондардың денесі қай жерде орналасқан?

4. Зерттеуші алдына аяқ-қолдардың бұлшықеттерін иннервациялаушы қозғатушы нейрондарды зерттеу қойылған. Бұл нейрондар қайда орналасқан? Олар қай морфологиялық типке жатады?

5. Кестеде 1 өсінді жұлынға, ал дендрит деп аталатын өсіндісі бұлшықет талшығына баратын нейроцит берілген. Бұл нейроциттің қызметтері қандай?

6. Жұлын препаратының алдыңғы мүйізінде жүйке талшықтары көрінеді. Осы талшықтарды құраушы нейрондардың денесі қайда орналасқан?

7. Жұлынның артқы мүйізіндегі миелинді талшықтар қай жерден басталады? Олардың өзегін қандай нейрондардың өсінділері құрайды?

8. Үлкен жарты шар қыртысының қандай қабаттарында афферентті жолдар аяқталады, қандай эфферентті жолдар басталады?

9. Екі микросуретте бас миы қыртыстары берілген, бірақ олардың мишықтың неден үлкен жарты шарлардың қайсы бөлімінен екендігі көрсетілген. Мишық қыртысы мен үлкен жарты шар қыртыстарына қандай пішінді нейроциттер тән?

10. Бас миы қыртысының әртүрлі аймақтарының микросуреттерінің арасынан қыртыстың қозғатушы аймағын табу керек. Қыртыстың осы аймақ цитоархитектоникасына қандай ерекшеліктер тән?

11. Препаратта үлкен жарты шар қыртысының ІІ және ІV қабаттары жақсы дамыған бөлімдер берілген. Бұл қабат қалай аталады?

12. Микросуретте негізінен нейрит шығатын мөлшері 120 мкм-ге жуық пирамидалы жасуша берілген. Бас миының қай аймағына жатады және аксоны қандай өткеруші жолдар құрамына кіреді, жұлында қай жерде аяқталады?

13. Мишық қыртысының құрлысы кестесіне майда жасуша түйіршіктері бір түске, ал басқа нейроциттерді басқа түске боялған. Мишықтағы жасуша түйіршіктерінің басқа нейроциттерден қандай айырмашылығы бар?

14. Зерттеушіге мишықтың аксодендриттік синапсын зерттеу керек, оның пресинаптикалық бөлімі көк пішінді талшықтармен түзілген. Осы синапстың постсинаптикалық бөлімі неден құралған?

15. Мишықтың алмұрт пішінді жасушаларының дендриттерінде көптеген әртүрлі синапстар анықталған. Бұл синапстардың пресинаптикалық бөлімі неден түзілген?

16. Екі микросуретте бас миы қыртыстары берілген, бірақ олардың мишықтың немесе үлкен жарты шарлардың қайсы бөлімінен екендігі көрсетілмеген. Мишық қыртысы мен үлкен жарты шар қыртыстарына қандай пішінді нейроциттер тән?

Жүйке жүйесі бойынша тестілер:

1. Жүйке тінінің даму тегі.

А. эктодерма

B. жүйке пластинкасы

C. мезодерма

D. энтодерма

E. мезенхима

2. Жүйке түтігі қалыптасады.

А. эктодермадан

B. мезодермадан

C. энтодермадан

D. мезенхимадан

E. дермотомнан

3. Нейрондар сезімтал болып табылады.

А. рецепторлық

B. эффекторлық

C. ассоциативтік

D. қондырма

E. униполярлық

4. Нейрондар өсінділерінің санына қарай жіктелуіне жатпайды.

А. пирамидалық

B. униполярлық

C. биполярлық

D. мультиполярлық

E. жалған униполярлық

5. Көп өсінділі нейроцит деп аталады.

А. мультиполярлық

B. иполярлық

C. униполярлық

D. жалған униполярлық

Е. қозғалтқыш

6. Мишық қыртысында болады.

А. үш қабат

B. екі қабат

C. бір қабат

D. төрт қабат

E. бес қабат

7. Мишық қыртысының алмұрт тәрізді нейроциттері орналасатын қабат:

А. ганглиоздық

B. молекулярлық

C. дәнді

D. пирамидалық

E. полиморфты

8. Мишық қызметі

А. қозғалуды реттеу және тепе-теңдік сақтау

B. көру және иіс сезу

C. есту және тыныс алу

D. жазу және оқу

E. дәм сезу және секрет бөлу

9. Мишық қыртысының жоғарғы қабаты

А. молекулярлық

B. полимофтық

C. пирамидалық

D. ганглиоздық

E. дәнді

10. Жұлынның артқы мүйізінде болмайды.

А. аркуатты ядро

B. меншікті ядро

C. көкірек ядросы

D. кеуекті зат

E. желатинді зат

11. Бас миы мен жұлынды қаптауға қатыспайды.

А. серозды қабық

B. торлы қабық

C. қатты қабық

D. тінді қабық

Е. жұмсақ қабық

12. Жұлын каналын қаптап тұрады.

А. эпендимоциттер

B. олигодендроциттер

C. астроциттер

D. микроглиялар

E. эпителий

13. Жүйке тінінде болмайды.

А. фибробласт

В. нейроцит

С. эпендимоцит

Д. астроцит

Е. олигодендроцит

14. Жүйке түтігі қалыптасады.

А. эктодермадан

В. мезодермадан

С. энтодермадан

Д. мезенхимадан

Е. дерматомнан

15. 5,7,9 және 10 жұп бас жүйкелері түйіндерінің даму көзі.

А. плакодалар

В. нейроглия

С. мезодерма

Д. спланхнотом

Е. миотом

16. Микроглияның даму тегі.

А. қан моноциттері

В. мегакариоцит

С. нейробласт

Д. глиобласт

Е. фибробласт

17. Нейрондар сезімтал болып табылады.

А. рецепторлық

В. эффекторлық

С. ассоциятивтік

Д. қондырма

Е. униполярлық

18. Ересек организмде нейрондар кездеспейді.

А. униполярлық

В. биполярлық

С. мультиполярлық

Д. жалған униполярлық

Е. ганглиоздық

19. Нейрондардың диаметрі:

А. 4-6 мкм-130 мкм дейін

В. 1 мкм кіші

С. 200 мкм

Д. 150-300 мкм

Е. 400 мкм

20. Нейрондар өсінділерінің санына қарай жіктелуіне жатпайды.

А. пирамидалық

В. униполярлық

С. биполярлық

Д. мультиполярлық

Е. жалған униполярлық

21. Нейрондардың пішініне қарай жіктелуіне жатпайды.

А. мультиполярлық

В. пирамидалық

С. алмұрт тәрізді

Д. дән тәрізді

Е. себет тәрізді

22. Функциональдық жіктелуге жатпайтын нейрон.

А.биполярлық

В. афференттік

С. эфференттік

Д. ассоциативтік

Е. қозғалтқыш

23. Нейрондардың цитоплазмасындағы арнаулы органеллалар.

А. нейротүтікшелер мен нейрофиламенттер

В. микротүтікшелер

С. миофибрилдар

Д. лизосомалар

Е. митохондриялар

24.Нейроциттің функционалдық түріне жатады.

А. моторикалық

В. мультиполярлық

С. биополярлық

Д. униполярлық

Е. жалған униполярлық

25. Екі өсінділі нейроцит деп аталады

А. биополярлық

В. мультиполярлық

С. униполярлық

Д. жалған униполярлық

Е. моторикалық

26. Мультиполярлық нейроциттердегі аксон саны:

А. 1 ғана

В. 2

С. 3

Д. 4

Е. 5-тен көп

27. Нерв импульсі нейроцитте өтеді.

А. дендриттен нейроцит денесіне қарай

В. нейроцит денесінен дендритке қарай

С. аксоннан нейроцит денесіне қарай

Д. қозғалтқыш нейроциттен сезімтал нейроцитке қарай

Е екі бағыттада

28. Көп ядролы нейроциттер кездеседі.

А. қуық асты безінде және жатыр мойнында

В. бауырда

С. мида

Д. мишықта

Е. жұлында

29. Аталған глиоциттердің тіректік қызметін атқарады.

А. астроциттер

В. эпендимоциттер

С. олигодендроциттер

Д. микроглиоциттер

Е. леммоциттер

Жүрек – қан тамыр жүйесі

Жүрек - қан тамыр жүйесі организмде маңызды функциялар атқарады: мүшелерге қанды өткізу, бөлу, тіндер мен қан арасындағы зат алмасу т.с.с. Жүрек қан тамыр жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің құрылысы мен функциясы бұзылған жағдайда әртүрлі ауыр патологияларға соқтырады: жүрек ақауы, миокард инфаркты, атеросклероз, гипертониялық ауру және т.б. Осының барлығы кез келген болашақ дәрігерлік мамандарға жүрек – қан тамыр жүйесін нақты оқуды қажет етеді.

Жүрек - қан тамыр жүйелерінің құрамына жүрек, қан тамырлары мен лимфатикалық тамырлар кіреді. Олар ағзаларда газ алмасуды, биологиялық белсенді заттардың тасымалдануын және метаболизмге қатысушы заттардың оралымын қамтамасыз етеді.

Қан тамырлары

Қан тамырлары әр түрлі мөлшердегі жабық түтікшілер жүйесі, олар әр түрлі қосылыстарды, заттарды тасмалдау қызметін атқарады, ағзаларды қанмен қамтамасыз ету қызметін, қан мен оны қоршаған орта аралығындағы зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Қан тамырлардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Қан тамырлары жүйесі құрамында артерия, артериолалар, гемокапиллярлар, вена, венулалар және артериоловенулярлық анастомоздар болады. Артерия мен веналар арасындағы байланыс микроциркуляторлық ағын тамырлар жүйесі арқылы орындалады, олардың құрамында капиллярлардан басқа өте ұсақ артерия, вена және артериоловенулярлық анастомоздар болады.

Артерия арқылы қан жүректен ағзаларға таралады, оттегіге бай (өкпе артериясында веноз қаны болады).

Вена арқылы қан жүрекке түседі, оттегі аз болады (өкпе венасында артериялық қан болады).

Артериялар құрылысына қарай үш типке:эластикалық,бұлшық етті және аралас (бұлшық етті- эластикалық). Артерия қабырғалары үш қабықтан құралған: ішкі, орта және сыртқы.

Элластикалық артерияларға ірітамырлар жатады: аорта және өкпе артериясы, оларда қан ағу жоғары қысымда (120-130мм. сынап бағ.) және жылдамдықта (0,5-1,3м/с) өтеді. Олардың негізгі қызметі әртүрлі қосылыстарды, заттарды тасымалдау болып есептеледі.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2198 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.031 сек.)