АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 12

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Элластикалық типтегі артерия.

Бояуы: Фукцилин. Үлкейтуі об 8, ок 10.

 

1-элластикалық талшықтар және терезелі элластикалық мембраналар; а-ішкі қабық;

б- ортаңғы қабық; в- сыртқы қабық. (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Элластикалық типтегі артерия кіші үлкейткішпен қарағанда өзіне тән белгілерге ие. 1) дұрыс домалақ пішінді, 2) қабырғасы қалың, 3) ортаңғы қабатында көптеген спираль тәрізді оралған элластикалық мембраналардың болуы. Элластикалық типтегі артерияның қабырғасында 3 қабаты көрінеді: 1) tunica intima 2) tunica media 3) tunica adventitia.

Үлкен үлкейткіште tunica intima 1) эндотелий қабатынан 2) эндотелий асты қабатынан құралғаны көрінеді. Бұл жерде элластикалық мембрана жоқ.

Эндотелий көлемі кіші, домалақ пішінді, көлденең кесілген ядролармен сипатталады. Эндотелийден кейін Лагганс қабаты деп аталушы жіңішке эндотелий асты қабаты орналасқан. Бұл қабат домалақ, кіші ядролары бар көптеген камбиалді жасушалардан құралған.

Кейінгі қабат - жақсы дамыған tunica media. Бұл қабатта жылтыр, спираль тәрізді иірілген терезелі элластикалық мембраналар анық көрінеді (membrana fenestrata). Элластикалық мембранада терезелер саны көп болмайды. Терезелер мембранада тығыз бір-біріне параллель орналасады, 30-80 дана. Мембраналардың арасында таяқша пішінді ядросы бар тегіс миоциттер мен сопақша пішінді ядросы бар дәнекер тін жасушалары орналасқан.

Көбірек дәнекер тін, ал бұлшықеттер аздау. Сыртқы қабаты tunica adventitia. Ол негізінен қиғаш бағытталған коллаген талшықтарынан құралған. Талшықтардың арасында vasa vasorum орналасқан. Осы жерде жүйке талшықтары өтеді. Май элементтері жақсы дамыған, бірақ кейде препаратта май элементтері көрінбейді, себебі препарат дайындау кезінде олар үзіліп, жойылып кетеді.

Веналар тамырлар жүйесінің ұзақтаушы (алып кетуші) бөлімі болып, олардың қабырғаларының құрылысы орындайтын қызметтерімен байланысты. Артерияларға қарағанда қан қысымының төмендігі (15-20 мм сын.бағ.) және қан ағыны жылдамдығының баяулығынан (ағза веналарында 10 мм/сек шам асында), веналардың қабырғасы жұқа және эластикалық элементтері аз болады. Дененің қайсы бөлігінде орналасқанына қарап, веналар қабырғасының құрылысы бір-бірінен өзгешеліктерге ие. Дененің төменгі бөлігіндегі веналарда қан өзінің ауырлық салмағы күшін жеңіп ағу қабілетіне ие, оның себебі веналар қабырғасында бұлшықет элементтерінің күшті дамығандығын және қақпақша - клапандар бар екенін білдіреді. Дененің жоғарғы бөлімдегі веналардың қабырғасы жұқа және бұлшық еттері аз болады, себебі қан ағынына қарсы күш керегі жоқ, төмен қарай өз ауырлығы күшімен ағады. Кейбір ағзалардағы веналарда бұлшықет болмайды.

Қабырғасындағы бұлшықет элементтерінің дамуы түріне қарай веналар екі типке бөлінеді: бұлшықетті және бұлшықетсіз. Бұлшық етті веналар 3 (үш) топқа бөлінеді: а) бұлшық етті элементтері әлсіз дамыған; ә) бұлшық етті элементтері орташа дамыған және б) бұлшықетті элементтері күшті дамыған веналар.

1. Бұлшықетсіз (талшықты)- веналарға: қатты және жұмсақ ми қабықтары, көздің торлы қабығы, сүйек, көкбауыр және жатырдағы веналарды айтуға болады. Бұл веналардың қабырғасы базальды мембранадағы бір қабатты эндотелий жасушаларымен оралған.

2. Бұлшықетті веналар 3 (үш) топтан құралады, олардың қабырғасы 3 (үш) қабаттан құралған (ішкі, орта, сыртқы). Ішкі қабат эндотелий мен әлсіз дамыған субэндотелийден құралған. Ортаңғы қабаты - тегіс миоциттер бөліктері қоршаған болады. Сыртқы қабат - дәнекер тіннен құралған, оларда тегіс миоциттер аз кездеседі.

Олардың бірінші тобы бұлшықетті элементтері әлсіз дамыған веналар, оларда да үш қабат: ішкі қабат – эндотелий мен дәнекер тіннен құралған; орта қабат - эндотелий асты қабаты, оларды тегіс миоциттер бөліктері қоршайды; сыртқы қабат - дәнекер тіннен құралған, аралықтарында эластикалық және коллагенді талшықтар орналасқан.

Екінші топ - бұлшықеттері орташа дамыған веналарда (желке венасы) 3 (үш) қабат: Ішкі қабат – эндотелийден, эндотелий асты қабатында бұлшықет жасушалары аз болады. Орта қабат әлсіз дамыған, онда коллагенді талшықтар көп, оларды бұлшықет бөліктері қоршайды. Эластикалық элементтер аз болады. Сыртқы қабат – күшті дамыған, оларда ұзына бойына орналасқан коллагенді талшықтар көбірек болады, бұлшықетті бөліктерде кездеседі.

Үшінші топ – бұлшық етті элементтері күшті дамыған веналарға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады. Оларда қан ағу жылдамдығы төмен, қан қысымы көрсеткіші төмен, соның үшін оларға қарама – қарсы әсер етуші күшті жеңу үшін қосымша талаптар керек. Олардың да 3 (үш) қабаты бар, барлығында бұлшықеттердің жақсы дамуы қақпақ – клапандар құралуына себепші болған – (сандағы веналар).

Ішкі қабат – эндотелий мен субэндотелийден құралған, оларда тамырлардың ішіне бөртіп шыққан қақпақ – клапандары болады. Қақпақтардың негізі дәнекер тіннен құралады, оның үстін эндотелий жасушалары жабады. Қақпақтар тамырдағы қанның кері қарай ағуына жол бермейді.

Ортаңғы қабаты – тегіс миоцит бөліктері мен олардың арасында орналасқан дәнекер тіндерден құралған.

Сыртқы қабат – дәнекер тіндерден құралған, оларда ұзына бойына жатқан тегіс миоциттер болады.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 998 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)