Препарат № 35
Өңеш
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок.10.
1-кілегей қабаттың көп қабатты жазық эпителиі; 2- кілегей қабаттың меншікті пластинкасы; 3-кілегей қабаттың бұлшық ет пластинкасы; 4- кілегей асты негізі; 5- өңештің бездері; 6- бұлшықет қабаты; 7- адвентициальді қабаты
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Препараттағы өңештің қуысы терең қатпарлары бар, тегіс емес болып келеді. Зертеу үшін өңештің құрамында қабырғасы да кездесетін және дөңестенген, шектелген бөлігі бар кесіндісін таңдайды. Кішкене үлкейткіште өңеш қабырғасының 4 қабаты анық көрінеді.
1) кілегейлі қабық – t. Mucosa 2) кілегейасты қабат –t.submucosa 3) сыртқы бұлшықетті қабат – t. muscularis externa 4) сыртқы дәнекер тіндік қабат – t. adventitia
Біршама үлкейткенде құрылымының бөлшектері шығады. Кілегейлі қабаттың сыртқы беті кішкентай айдаршықты эпителий түзетін көпқабатты полиморфты мүйізделмейтін эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында дәнекер тіннің меншікті қабаты (t.propria) орналасқан. Ол дәнекер тінінің тығыз орналасқан талшықтарынан түзілген, олардың арасында фибробласт жасушаларының көптеген сопақша ядролары көрінеді. T.propria-дан кейін кілегейлі қабаттың бұлшықеттік пластинкасы t.muscularis-mucosa орналасқан. Ол бір-бірінен алыс орналасқан тегіс бұлшықеттің тік жүретін сабауларынан құралған.
Өңештің тік кесіндісінде бұлшықеттер сопақша пішінді тостағаншалар түрінде қою қызыл түске боялады. Жоғарыда айтылған қабаттардың барлығы, яғни эпителий, t. propria, t. muscularis mucosa бір кілегейлі қабаттың құрамына кіреді. Кілегейасты қабаты- t. submucosа борпылдақ дәнекер тіннен тұрады. Мұнда кілегейлі типті көптеген бездердің топтары анықталады. Бұлардың экскреторлық түтіктерінің қуыстары кең болып келеді. Бұлардың қуыстары t.propria-ға еніп эпителий арқылы өңештің қуысына ашылады. T. mucosa-да бездерден бөлек артериялар мен веналар өтеді. Бұл жерде Мейснер жүйке өрімдерінің кішкентай түйіндерін де көруге болады. Бұл түйіндер ұсақ 3 немесе 4 ганглиозды жүйке жасушаларынан құралған және майда ұсақ жасуша сателиттермен қоршалған болады.
T. mucosa қабатынан кейін сыртқы бұлшықет қабаты t. muscularis және t. muscularis externa орналасады. Бұл қабат күшті дамыған циркулярлы бағытта орналасқан ішкі қабаттан және жұқа тік бағытталған сыртқы бұлшықеттерден тұрады. Осы қабаттардың арасында дәнекер тіннің жинақталуы кездеседі. Мұның кейбір жерлерінде көк түске боялған Ауербах жүйке өрімдерінің түйіндері анықталады. Бұл түйіндер ірі, ондаған ганглиозды жасушаларды құрайды. Сыртқы қабат t. adventitia борпылдақ дәнекер тінінен құралған. Бұл жерде көптеген қантамырлар, жүйке талшықтары және май жасушалары орналасқан.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 793 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|