Простата безі
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об. 8, ок. 7.
1-несеп шығару түтігі: а-ауыспалы эпителий; б-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы; в-бұлшықетті қабық; 2-простата безі; г-соңғы бөлімдері; д-шығарушы ағым; е-тегіс бұлшықет тұтамдары (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Басқа бездерден айырмашылығы, простата безі екі бөлімнен тұрады:1) меншікті безді бөлігі және 2) бұлшықет бөлігі.
Меншікті безді бөлігі көптеген без үлесшелерінде орналасқан. Безді аппарат үлесше аралық дәнекер тіндерде орналасқан а) соңғы бөлім және б) шығарушы түтіктерден тұрады.
Бездің соңғы бөлімі түтік және альвеола тәрізді. Кесіндіде олардың пішіні: домалақ, сопақша тәрізді, созылыңқы, тармақталған болып келеді. Қызметтік жағдайына байланысты соңғы бөлім бір қабатты куб тәрізді немесе цилиндр тәрізді эпителиймен төселеді. Безді жасушалардың ядролары базальді жағына жақын орналасқан, цитоплазмасында түйіршіктер немесе вакуольдер болады.
Ұсақ шығарушы түтіктері, көпқатарлы цилиндр тәрізді эпителиймен төселген. Ірі түтіктер ауыспалы эпителиймен төселген.
Простата безінің бұлшықет бөлімі түрлі бағытталған көптеген тегіс бұлшықет бауларынан түзілген. Бұлшықет баулары дәнекер тінді қабықпен оралған. Простата безінің шығарушы түтігі, бездің орталығында орналасқан несеп шығару каналының құысына ашылады. Бұл канал көпқабатты куб тәрізді эпителиймен төселген.
Аталық жыныс жүйесі бойынша сұрақтар:
1. Аталық жыныс органдары қай эмбриональдық көздерден дамиды?
2. Аталық жыныс жасушаларының құрылысы.
3. Сперматогенез кезеңдерінің реті және мазмұны.
4. Аталық безінің гормондары қайда бөлінеді?
5. Аталық қосымша бездеріне не жатады және олардың құрылымы қандай?
6. Атабез қосалқысының қызметімен құрылысы қандай?
7. Ұрық шығарушы жолдардың қабырғасының құрылысы қандай?
8. Ұрық шығару жалдарының эпителиі қандай?
9. Простата безінің басқа бездерден айырмашылығы қандай?
10. Аталық жыныс жүйесінің қосымша ағзаларының құрамында не болмайды?
11. Ингибин өндіруші жасуша қалай аталады?
12. Синцитиалды қай жасушаларда қалыптасады?
13. Қалыптасу кезеңінде не жүреді?
14. Сперматогендік эпителий құрамына кірмейтін жасуша қалай аталады?
15. Тестостерон гормонын бөліп шығаратын жасуша қалай аталады?
16. Сперматозоидтың жыныстық хромосомасы қандай?
17. Сперматогенезге не тән емес?
18. Сперматозоидтар қалай дамиды?
19. Сперматогенезде қандай фаза болмайды?
20. Сперматогенезде көбею фазасының жасушаларын атаңыз?
21. Мейоздың екі рет бөлінуінен пайда болатын қандай жасуша?
22. Сперматогендік эпителий қай түтікшеде орналасқан?
23. Сустентоцит қандай функцияларды атқармайды?
24. Гландулациттер мен миодтық жасушалардың даму тегі қандай?
25. Гематотестикулярлық бөгеттің құрамына не кірмейді?
26. Қуық асты безінде кездеспейтін қай элемент?
27. Сперматидадан сперматозоид қалыптасу кезінде не болмайды?
28. Гландулоциттер цитоплазмасында нашар дамыған қай элемент?
29. Сперманың құрамына қай ағзаның секреті кірмейді?
Аталық жыныс жүйесі бойынша есептер:
1. Сперматогенді эпителийдің бір жасушасы даму барысында үлкейіп, хромосомалары бөлініп, конъюгацияланып бивалент жұптар пайда болады. Жасушанның аталуын және сперматогенез кезеңін атаңдар?
2. Аталық безі кесіндісінде сперматогенді эпителийінің аймақтарында жасушалары байқалды. Олардың көбі бөлініп жатыр. Бұл қандай жасуша, сперматогенездің қай кезеңі?
3. Сперматогенді эпителийдің бір жасушасында мамандану процессінде ядросы қаттыланады, акробласт және қылтық қалыптасады. Бұл қай жасуша, сперматогенездің қай кезеңі?
4. Аталық жыныс ағзалардың бірінің кесіндісінде тексеруші күшті бұлшықет талшықтарының бауын байқады. Олардың арасында бездердің соңғы бөлімдері орналасқан. Олардың шығарушы түтіктері өтпелі эпителиймен қапталған қуысқа ашылады. Бұл қай ағза?
Аталық жыныс жүйесі бойынша тестілер:
1. Аталық жыныс жүйесінің қосымша ағзаларының құрамында болмайды
А. ұрық қабы
B. ұрық шығарушы жолдар
C. ұрық көпіршігі
D. простата безі
E. жыныс мүшесі
2. Ингибин өндіруші жасуша
А. мөлдір сустеноциттер
B. гландулоциттер
C. миоидтер
D. сперматоциттер
Е. сперматидалар
3. Синцитиалды жасушаларда қалыптасады:
А. А типті сперматогонийлер
B. 1 қатардағы сперматоциттер
C. 2 қатардағы сперматоциттер
D. Б типті сперматогонийлер
E. сперматидтер
4. Қалыптасу кезеңінде жүреді.
А. сперматидтің сперматозоидқа өтуі
B. сперматогонийдің бөлінуі
C. 1 қатардағы сперматоциттің түзілуі
D. 2 қатардағы сперматоциттің түзілуі.
E. сперматогонийдің сперматоцитке өтуі
5. Сперматогендік эпителий құрамына кірмейтін жасуша.
А. гландулоциттер
В. сустентоциттер
С. сперматогонийлер
D. сперматоцитер
Е. сперматидалар
6. Тестостерон гормонын бөліп шығаратын жасуша.
А. гландулоцит
В. сустентоцит
С. сперматоцит
D. сперматид
Е. сперматоид
7. Сперматозоидтың жыныстық хромосомасы.
А. біреуі ғана, Х немесе У
В. екеуі Х және У
С. екеуі, екеуі де Х
D. екеуі, екеуі де У
Е. біреу, тек қана Х
8. Сперматогенезге тән емес:
А. көбею және өсу фазаларынан тұрады
В. иірімделген тұқымдық түтікшелерде жүреді
С. жыныстық жетілу кезеңінен басталды
D. 72 тәулікке созылады
Е. дене температурасынан төмен жағдайда іске асады
9. Сперматозоидтар дамиды:
А. иірімделген түтікшелерде
В. тік түтікшелерде
С. ен торында
D. ен қосалқысы түтігінде
Е. тұқым шығару өзегінде
10. Сперматогенезде фазасы болмайды:
А. дифференциялану
В. көбею
С. өсу
D. жетілу
Е. қалыптасу
11. Сперматогенезде көбею фазасының жасушалары:
А. сперматогонийлер
В. І типті сперматоциттер
С. ІІ типті сперматоциттер
D. сперматидалар
Е. сперматозойдтар
12. Мейоздың екі рет бөлінуінен пайда болатын 4 клетка:
А. сперматидалар
В. І типті сперматоциттер
С. ІІ типті сперматоиттер
D. сперматогонийлер
Е. сперматоидтар
13.сперматогендік эпителий түтікшеде орналасқан.
А. иірімделген
В. тік
С. торлы
D. әкетуші
Е. ең қосалқысындағы
14. Сустентоцит төменде көрсетілген функцияларды атқармайды.
А. тестостерон синтездеу
В. тіректік
С. трофикалық
D. андроген- байланыстырушы белок синтездеу
Е. фагоцитоз
15. Гландулациттер мен миодтық жасушалардың даму тегі:
А. мезенхима
В. эктодерма
С. қуық асты безі
D. эктодерма,мезодерма
Е. целом
16. Гематотестикулярлық бөгеттің құрамына кірмейді.
А. гландулоциттер
В. сустентоциттер
D. иірімделген тұқымдық тітікше қабығы
Е. гемокапилляр қабырғасы
17. Гематотестикулярлық бөгетте ақау болса болады.
А. спермамтогендік клеткалардың аутоиммундық зақымдануы
В. сперматогенез процесінің бәсеңдеуі
С. гландулоциттер функциясының күшеюі
D. тұқымдық түтікшелердің жиырылуы
Е. сперматогенез процесінің күшеюі
18. Қыз организмі үшін антигендік қасиет болмайды
А. сперматогонийде
В. 1 реткі сперматоцитте
С. 2 реткі сперматоцитте
D. алғашқы сперматидада
Е. соңғы сперматидада
19. Қуық асты безінде кездеспейтін элементтер:
А. көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары
В. альвеольді – түтікшелі бездер
С. тегіс салалы миоциттер шоғырлары
D. борпылдақ дәнекер тін
Е. қан тамырлары, нерв ұштары
20. Сперматидадан сперматозоид қалыптасу кезінде болмайды.
А. хромосомалардың екі еселенуі
В. акросоманың қалыптасуы
С. ядроның тығыздануы
D. құйыршық жіпшенің пайда болуы
Е. цитоплазмасының редукциясы
21. Гландулоциттер цитоплазмасында әлсіз дамыған элемент:
А. лизосомалар
В. түйіршіксіз эндоплазмалық тор
С. митохондриялар
D. гликопротеид қосындылары
Е. гликоген
22. Сперманың құрамына келесі органның секреті кірмейді:
А. бульбо – уретралық без
В. ен
С. ен қосалқысы
D. тұқым көпіршіктері
Е. қуық асты безі
23. Меншікті қабықша
A. қабырғаның сыртында орналасады жұқа
B. қабырғаның ішінде орналасады жұқа
C. қабырғаның ортасында орналасады жұқа
D. қабырғаның ішінде орналасады қалың
E. қабырғаның сыртында орналасады қалың
24. Миоидты жасушалар
A. базальды мембранада орналасқан
B. базальды мембранада орналаспаған
C. плазматикалық мембранада орналасқан
D.плазматикалық мембранада орналаспаған
E. ядро қабығына жақын орналасқан
25. Сперматогенді немесе иірімді ұрық өзекшелерінің ұзындығы
A. 30-70 см
B.10-40 см
C. 5-10 см
D. 20-30 см
E. 70-100 см
26. Аталық бездің құрлысындағы ақ қабық
A.тығыз талшықты дәнекер тіннен түзілген
B. тығыз коллагенді талшықтардан түзілген
C. тығыз эластикалық талшықтардан түзілген
D. тығыз миофибриллардан түзілген
E. тығыз тонофибриллалардан түзілген
27. Сперматогениялардағы бағаналы жасушалар
A. өте сирек бөлінеді, базальды мембранада орналасады
B. өте сирек бөлінбейді, базальды мембранада орналасады
C. өте сирек бөлінеді, базальды мембранада орналаспайды
D. өте сирек бөлінбейді, базальды мембранада орналаспайды
E. өте сирек бөлінеді, плазматикалық мембранада орналасады
28. Сертоли жасушасының ядросы орналасады
A. жасушаның базальды бөлігінде орналасады
B. жасушаның базальды бөлігінде орналаспайды
C. жасушаның базальды бөлігінің сыртында орналасады
D. жасушаның базальды бөлігінің ішінде орналасады
E. жасушаның микротүтікшелеріне жақын орналасқан
29. Меиоз профазасы
A. прелептотена, лептотена, зиготена, пакитена, дипотена, диокинез
B. прелептотена, митоз, анафаза пахитена, диокинез
C. лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, митоз
D. диокинез, дипотена, лептотена, пахитена, телофаза
E. анафаза, профаза, телофаза, диокинез, пахитена
30. Лейдинг жасушалары
A. гипофиздің лютеиндеуші гормонымен белсендіріледі, тестостерон түзеді
B. гипофиздің лютейндеуші гормонымен белсендіріледі, тестостерон түзбейді
C. гипофиздің лютеиндеуші гормонымен белсендірілмейді, тестостерон түзеді
D. гипофиздің лютеиндеуші гормонымен белсендірілмейді, тестостерон түзбейді
Аналық жыныс жүйесі.
Аналық жыныс жүйесінде оның кезеңдерде болып өтетін функциональдық өзгерістер, оның микроқұрылымы өзгерістерімен байланыста жүреді. Микроскоптық анализ нәтижелері (мысалы: қынап жағындысы) көбінесе овориалдік менструалдық цикл фазаларын анықтауда, сонымен қатар акушер-гинекологиялық диагнозды анықтауда қолданады. Жыныс даму механизмдері және оның бұзылулары дәрігерлер үшін үлкен маңызға ие.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1418 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|