АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 19

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Көк бауыр (талақ)

Бояуы: Гематоксилин-эозин.Үлкейтуі об 8, ок 5.

 

 

1- серозды және талшықты қабық; 2-трабекула; 3-трабекулярлық артерия және вена; 4-қызыл пульпа; 5-ақ пульпа (талақтың лимфатикалық фоликулдері): а-реактивті орталық; 6- орталық артерия; 7-шашақты артериолалар.

(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Көк бауыр препараты кіші үлкейткіште қызыл-көк мрамор түсті болып көрінеді. Препараттың шетінде көк бауырдың дәнекер тінді қабығы орналасқан. Лимфа түйіндерінің қабығына қарағанда, бұл қабық кең.

Қабық қызғылт түске боялған. Қабық шетінде жіңішке көк жолақ орналасқан. Үлкен үлкейткіште бұл жолақтың құрамындағы бір қатарда тығыз орналасқан мезотелийдің ұсақ ядролары көрінеді. Бұл мезотелий көк бауырға тығыз жанасып жатқан шажырқайдың висцеральді қабатында жатады. Қабықтың өзі коллагенді, эластикалық талшықтардан және тегіс миоциттерден құралған. Жай препараттарда эластикалық талшықтар көрінбейді, оларға арнайы бояу қажет. Бұлшықет жасушалары анық көрінбейді. Бұлшықетке тән қасиет, созылыңқы таяқша тәрізді ядролардың болуы, бұл жерде бұлшықеттің бар екенін дәлелдейді. Қабықтан көк бауырдың ішіне қарай дәнекер тінді тізбектер енеді, бұл қабықтық тосқауылдар немесе трабекулалар. Трабекулалардың екі түрі бар. 1) жіңішке трабекулалар 2) жуан трабекулалар. Жіңішке трабекулалар көп, ал жуан трабекулалар аз мөлшерде болады. Жіңішке трабекулалар біріңғай тегіс болып келеді, жуан трабекулалардың кесіндісінде тесіктері болып, ол жерде қантамырлары артериялар, веналар орналасады. Трабекулалар тіке және көлденең кесінділерде байқалады.

Тік кесіндіде қабықтың маңында жіңішке тосқауылдар кездеседі. Олар тізбек тәрізді, ішінде тегіс миоциттердің таяқша тәрізді ядролары көрінеді. Көлденең кесілген кең трабекулалар қызыл түсті, күрделі, дұрыс пішінді болады. Олардың ішінде трабекулярлық артериялар мен веналар орналасқан. Екеуінің де қуысы кең, домалақ немесе сопақша пішінді. Қуысы бос немесе қанға тола болуы мүмкін. Қан көбірек веналарда болады.

Артериялар мен веналардың ерекшеліктері трабекулярлық веналарда өзіндік қабырғасы болмайды, қуысы бір қатар эндотелиймен шектелген, оның сыртында қызғылт түсті трабекуланың заты келеді. Трабекулярлық артерияның өзіндік қабырғасы болады. Сондықтан препаратта артерия қуысының маңында қою шие түсті меншікті қабырғасы көрінеді, ал оның сыртында ашық-қызғылт түсті трабекуланың заты көрінеді. Қою түсті ішкі және ашық түсті сыртқы сақиналар бір-бірінен анық ерекшеленеді. Сондықтан артерия мен венаны ажырату қиын емес. Қалған заттың барлығы көкбауырдың паренхимасы болады. Пульпаның негізін ретикулярлық тін құрайды. Бірақ жай препараттарда ретикулярлық элементтер қан жасушаларынан көрінбейді. Негізгі бөлігін қызыл пульпа құрайды, аз бөлігін ақ пульпа. Қызыл пульпа көк-қызыл түсті. Қызыл түске эритроциттер, көк түске лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар және гранулоциттердің ядролары боялады. Қызыл пульпаның көп бөлігін синусоидты капиллярлар құрайды. Қанның көлеңкесінде синустар анық көрінбейді. Қаннан тазаланған препаратта шекаралық эндотелийдің қою түсті ядроларына қарап синустарды анықтауға болады.

Қызыл пульпаның әр жерінде артериалдық Швейгер-Зейдель муфталары көрінеді. Көлденең кесіндіде олар кіші, домалақ пішінді, ашық-күлгін түсті құрылымдар ретінде көрінеді. Ортасында қызыл сақина сияқты пеницилярлық артериола өтеді. Егер артериола бос болса сақина көрінбейді. Көлденең кесіндіде сопақша ядролар көрінеді. Бұл ретикулярлық жасушалардың ядролары. Қызыл пульпаның арасында ақ пульпаның элементтері кездеседі. Бұл Мальпиги денешіктері. Олар ірі, домалақ пішінді, көк түсті құрылымдар ретінде көрінеді. Мальпиги денешігі – лимфоидты фолликул. Көбею орталығы лимфа түйініндегідей. Ерекшелігі – Мальпиги денешігінің меншікті артериясы болады, денешіктің шетінде орналасады. Артерия қиылыстар түзеді. Сондықтан

кесіндіде 2-3 артерияның кесінді бөліктері көрінеді. Бұл әр-әр жерінен кесілген бір артерия.

Иммунды жүйе және иммунды реакциялардағы жасушалардың өзара қатынасы. Иммунитет—ағзаның өзіне барлық генетикалық белгі-қасиетімен бөгде құрылымдар мен заттардан (антигендерден) қорғану қабілеті.

Антигендер—күрделі органикалық заттар, адам (немесе жануарлар) ағзаларына түскенде арнаулы иммунды жауап қайтарылады, оларға: бактериялар, вирустар, паразиттер, бөгде жасуша мен тіндер, мутациялық өзгерген дененің меншікті жасушалары (мысалы, ісік жасушалары) жатады. Бөгде жасушалардың тіршілік құрамына ақуыздар, полисахаридтер, полипептидтер, сондай-ақ жасанды синтезделген жоғарғы полимерлі қосылыстар, т. б. жатады.

Антигендер организмге сырттан түссе—экзоантигендер немесе организмнің өзінде құралса—аутоантигендер деп аталады.

Иммунды жүйені иммуноциттер, әртүрлі тіндер, орталық және шеттік ағзалар (иммунді және қан түзілу) құрайды. Оларда арнаулы реакциялар жүреді, соның үшін генетикалық бөгде құрылымды тани алады.

Иммунды жүйенің орталық ағзаларына: сүйек кемігі, тимус кіреді, шеткіге: лимфатикалық түйіндері, көкбауыр, тамақ сіңіру, тыныс алу және зәр шығару жолдарындағы лимфоидты тіндер (фолликулалар) кіреді.

Иммунды жүйелерде иммунды-қорғаныс құбылыстары өтеді, оларға Т- және В-лимфоциттер қатысады. Бұл жасушалардың көбеюі, қалыптасуы және қызметі микроорта құраушы – макрофагтар, интердигидратациялық және дендритті жасушаларға байланысты. Тимустың стромасын құраушы ретикулоэпителиалдық жасушалар да осы топқа жатады.

Атап көрсетілгендерден басқа ағзалардағы қорғаныс реакциялары үшін лейкоциттердің (нейтро, эозино және базофилділер), тін базофилдерінің және фибробласттардың маңызы зор.

Антиденелер—күрделі ақуыздар, әртүрлі антигендер әсерінде плазматикалық жасушалар синтездейді (Адам және ыстық қанды жануарлар қаны плазмасының иммуноглобулинді фракциясы құрамында болады). Олар арнаулы сәйкес келуші антигендермен қосылыс құрайды, мысалы ағзаларға бактериялар түскенде, қандағы ақуыздың глобулинді фракциясында иммуноглобулиндер құралады. Иммуноглобулиндер бірнеше класқа бөлінеді: IgG, IgМ, IgА, IgЕ, IgD және т.б. Адам қаны плазмасындағы ең маңыздысы иммуноглобулин IgG—ағзаның вирустарға және бактерия токсиндеріне қарсы бейтараптандыру реакцияларында жақсы эффект береді. IgМ—токсинді антигендерге қарсы жақсы эффект береді. IgА—әртүрлі секретті заттар, тыныс алу жолы мен ішек кеңістігіндегі муциндер құрамында болады: көмірсулар көп, протеолитикалық ферменттер әсеріне шыдамды. Олар кілегейлі қабықтың эпителиалды бетін қорғайды. IgЕ-нің базофильді тіндері мен қосылыстарынан гистамин мен гепарин өндіріледі, олар аллергиялық реакцияларға қарсы күреседі. IgD-нәрестелерде, жаңа туған сәбидің лимфоциттері бетінде көп кездеседі (IgМ-менде қосылыс құрайды).

Комплемент ақуыздарынан биологиялық белсенді заттар өндіріледі, олардың бактериялармен құраған қосылысын нейтрофильдер оңай фагоцитоздайды. Әрбір антиген таңдамалы түрде белгілі бір лимфоциттер белсенділігін күшейтеді.

Лимфоциттер антигендермен бірінші кездескенде күшейіп бласт пішініне өзгереді, олардан иммуноциттер дамиды. Лимфоциттердің әртүрлі топтары генетикалық ұқсастыққа ие, олар бір немесе бірнеше антигенге жауап реакциясын қайтарады. Сондықтан, әрбір антиген, лимфоциттің белгілі бір, сәйкес келуші клонына ғана әсер етіп, олардың көбеюі мен белсенделуіне әсер етеді, олар бір-бірін “тани” алады. Иммунды жасушалардың екі түрі болады: эффекторлық және “есте сақтау” жасушалары. Эффекторлық жасушаларға белсенделген (активтелген) лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар жатады. “Есте сақтау” жасушаларына лимфоциттер, олар белгілі бір сәйкес келуші антигенмен кездесу жөнінде ақпарат тасымалдайды, бұл антигендер 2-ші рет ендірілгенде өте тез және күшті иммунды жауап қайтарады (2-ші ретті жауап деп аталады).

Иммунитеттердің антигендерді жою механизміне байланысты гуморалды және жасушалық түрлері болады.

Гуморалды иммунитеттегі эффекторлық жасушалар—плазматикалық жасушалар болып саналады, олар антиденешіктер өндіреді және оларды қанға шығарады.

Жасушалық иммунитеттегі эффекторлық жасушалар—цитотоксикалық Т-лимфоциттер болып саналады, олар басқа ағзалардан енуші бөтен жасушаларды жою реакцияларына қатысады (литикалық—өлтіруші заттар өндіріледі).

Ағзада трансплантация (тін, ағза, т.б.) кезеңінде бөтен жасушаларға қарсы (қарсы реакция өткенде), теріге бөгде химиялық заттар өндірілгенде (сенсибилизациялану) өте жоғары дәрежедегі сезу арқылы аталған реакциялар жүреді.

Қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары бойынша сұрақтар:

 

1. Қызыл сүйек кемігінің қан құрамына енбейтін жасушаларын атаңыздар?

2. Қызыл сүйек кемігіндегі эмбриогенезде және туылған соң қандай жасушалар түзіледі?

3. Қызыл сүйек кемігіндегі қандай гемопоэтикалық жасушаларда гемоглобин болады?

4. Қызыл сүйек кемігінде қандай гемопоэтикалық жасушалар бөлінуге қабілетті?

5. Тимустың жасқа қарай және акциденталды инвалюциясының айырмашылықтары не?

6. Тимустың қыртысты және милы затының айырмашылықтары?

7. Лимфа түйінінің қызметтері қандай?

8. Лимфа түйінінде лимфа қандай жолдармен жылжиды?

9. Лимфа түйіні синусында қандай жасушалар кездеседі?

10. Лимфа түйінінің милы тізбектері мен лимфа түйіндері қандай жасушалар түзеді?

11. Лимфа түйініндегі паракортикалды аймақ дегеніміз не? Онда қандай жасушалар бар?

12. Көкбауырдың қызметтері қандай?

13. Көкбауырдағы қанның қозғалысын түсіндіріңдер.

14. Көкбауырдың ''ақ пульпасы'' дегеніміз не? Оның жасушалық құрамын түсіндіріңдер.

15. Көкбауырдың ''қызыл пульпасы'' дегеніміз не? Оның құрамы қандай?

16. Сүйектің қызыл кемігі нені реттейді?

17. Эритробласттарды немен қоректендіреді?

18. Остеогенді жасушалар қайда орналасады?

19. Эпителиоретикулоциттер қайда орналасады?

20. Адипоциттер қалай орналасады?

21. Лимфа түйіндері түйіншелерінің құрылымы қандай?

Қан түзу және иммунды қорғаныс организмдері бойынша есептер:

 

1. Қызыл сүйек кемігінде дамушы қан жасушалары аралша түрінде орнаналасады. Бір аралшалар макрофагтармен байланысты, екіншісінде макрофагтар жоқ. Бірінші және екінші аралшада қандай қан жасушалары дамиды? Макрофагтар аралшада қандай қызмет атқарады?

2. Сүйек кемігін микроскоппен зерттегенде түтікшелі сүйек диафизінде май жасушалары бар екендігі анықталған. Бұл қалыпты жағдайда болады ма немесе патологияда ма?

3. Ересек адамдардың қан жасайтын органдарында мегакариоциттер табылған. Бұл қандай қан жасайтын орган? Мегакариоциттер қандай қызмет атқарады?

4. Қызыл сүйек кемігінде дамушы қан жасушалары аралша түрінде орналасады. Бір аралшалар макрофагтармен байланысты, екіншісінде макрофагтар жоқ. Бірінші және екінші аралшада қандай қан жасушалары дамиды? Макрофагтар аралшада қандай қызмет атқарады?

5. Студент қызыл сүйек кемігі мен тимусты сипаттағанда олардың негізгі стромасын ретикулярлы тін құрайды дейді. Осы дұрыс па немесе қате ме?

6. Зерттеуші жас жануардың эксперименталды материалын тұжырымдағанда тимустың милы және қыртысты заттарының шекараларының бірігуі байқалады?

7. Тәжірибеде лимфатикалық түйінінің реактивтілігін зерттеу үшін жануардың алып келуіне лимфотикалық тамырына виталды бояу енгізген лимфа түйінінің қандай жасушаларында бұл бояулар кездеседі. Лимфа түйінінің қандай құрылымдары бөгде заттарды ұстауға қабілетті?

 

 

Қан түзу және иммунды қорғаныс органдары бойынша тестілер:

 

1. Сүйектің қызыл кемігі.

А. қанның құрамын және иммунологиялық гомеостазды реттейді.

B. жасуша аралық сұйықтың құрамын реттейді.

C. барлық органдардың қызметін реттейді.

D. гормон түзеді.

Е. фермент синтездейді.

2. Тимуста түзілмейді.

А. В-лимфоциттер

B. тимозин

C. инсулин тәрізді фактор

D. кальцитонин тәрізді фактор

E. өсу факторы

3. Эритробластарды қоректендіреді.

А. макрофагтар

B. фибробластар

C. эндотелоциттер

D. мегакариоциттер

E. эритроциттер

4. Остеогенді жасушалар орналасады.

А. қызыл сүйек кемігінде

B. лимфотүйінде

C. көк бауырда

D. бадамшада (миндалинде)

E. тимуста

5. Эпителиоретикулоциттер орналасады.

А. тимуста

B. лимфотүйінінде

C. көк бауырда

D. бадамшада (миндалинде)

E. қызыл сүйек кемігінде

6. Адипоциттер орналасады.

А. қызыл сүйек кемігінде

B. лимфа түйінінде

C. көк бауырда

D. бадамшада

E. тимуста

7. Лимфа түйіндерінің түйіншелері құрылымымен шекараланған.

А. бір қабатты жалпақ эпителий

B. ретикулоэндотелиалды жасуша

C. базальды мембрана

D. коллагенді талшық

E. дендритті жасуша

8. Көкбауырда лифотүйіндерінің жасушасы орналасады.

А. периартериальді аймақта

B. герментативті ортада

C. мантийлі бөлімде

D. маргинальді бөлімде

E. қызыл пульпада

9. Т және В лимфоциттерінің лимфа түйініне түсуі арқылы орындалады.

А. артериола

B. гемокапилляр

C. посткапиллярлы венула

D. әкелуші лимфа тамыры

E. лимфа капилляры

10. Бірінші класс қан жасушалары.

A. Қанның бағаналы жасушалары

B. эритроциттер

C. эритропоэтиндер

D.тромбоцитопоэтин

E. лейкопоэтин

11. Екінші класс қан жасушалары.

A. лейкопоэтин, эритропоэтин, тромбопоэтин

B. лейкопоэтин, эритроцит, моноцит

C. эритропоэтин, базофиль, эозинофиль

D.тромбоцитопоэтин, монобласть, эритробласть

E. эритробласт, монобласт

12.Үшінші класс қан жасушалары.

A. унипотентті жасушалар

B. бағаналы жасушалар

C. т - лимфоциттер

D. В- лимфоциттер

E. Т және В лимфоциттер

13. Төртінші класс қан жасушалары.

A. монобласт, эритробласт, миокардиобласт

B. проплазмоцит, про В-лимфоцит, про Т-лимфоцит

C. ионобласт, проплазмоцит, про В-лимфоцит

D. В-лимфоцит, Т-лимфоцит

E. плазмоцит, В-лимфоцит, бағаналы қан жасушасы

14. Бесінші класс қан жасушалары.

A. промоноцит, промиелоцит, проэритробласт

B. иммунобласт, проплазмоцит, Т-лимфоцит

C. Т-лимфоцит, проплазмоцит, моноцит

D. нейтрофиль, базофиль, полихпрмотофиль

E. эритроцит, тромбоцит, базофиль

15. Алтыншы класс қан жасушалары.

A. моноцит, базофиль, эозинофиль, нейтрофил, эритроит, тромбоцит

B. моноцит, полихромотофиль, эритробласть, мегакариоцит

C. промиелицит, проэритробласт, промегакариоцит

D. метамиелоцит, базофиль, оксофильді эритробласть

E. таяқшалы нейтрофиль, оксифильді эритробласт, базофиль

16. Мегакариоцит қан жасушаларының ядросының құрылысы.

A. ірі көп ядролы жасушалар

B. кіші бір ядролы жасушалар

C. көп кіші ядролы

D. ірі бір ядролы

E. кіші көп ядролы

17. Гемопоэздік жасушалар көрінісі.

A. күңгірт-күлгін ядролары болады

B. қызыл-жасыл ядролары болады

C. сары-қызыл ядролары болады

D. күңгірт-қызыл ядролары болады

E. қызыл-күлгін ядролары болады

18. Промиелоцит ірі жасуша цитоплазмасында.

A. майда азурофилді түйіршіктер бар

B. ірі азурофилді түйіршіктер бар

C. азурофилді түйіршіктер жоқ

D. ядросы бұршақ тәрізді

E. ядросы дөңгелек тәрізді

19. Эозинофилді метамиелоциттер.

A. ядросы бұршақ тәрізді

B. майда эозинофильді түйіршіктері бар

C. ядросы домалақ

D. ядросы ойыс

E. ядросы ірі азурофильді түйіршіктері бар

20. Эозинофильді миелоцит.

A. ядросы домалақ

B. ядросы ойыс

C. ядросы бұршақ тәрізді

D. ядросы ірі азурофильді түйіршіктері бар

E. ядросы майда түйіршіктері бар

21. Синусоидты қан капилляр.

A. жалпақ эндотелиоциттермен қапталған

B. жіңішке эндотелиоциттермен қапталған

C. жуан эндотелиоциттермен қапталған

D. жалпақ эндотелиоциттермен қапталмаған

E. жіңішке эндотелиоциттермен қапталмаған

22. Базофильді эритробласттар.

A. ядросы үлкен ірі жасушалар

B. ядросы кіші ірі жасушалар

C. ядросы көп ірі жасушалар

D. ядросы бұршақ тәрізді жасушалар

E. ядросы ойыс жасушалар

 

23. Базофильді эритробласттар.

A. цитоплазмасы базофильді

B.цитоплазмасы оксифильді

C. цитоплазмасы полихромотофильді

D. цитоплазмасы оксифильді және полихромотофильді

E. цитоплазмасы базофильді, оксифильді

24. Полихромотофильді эритробласт.

A. кішірек жасуша цитоплазмасы сұр-қызғылт

B. ірі жасуша цитоплазмасы- сұр-қызғылт

C. кішірек жасуша цитоплазмасымен полихромотофильді сұр-қызғылт

D. ірі жасуша цитоплазмасымен оксифильді

E. кіші жасуша цитоплазмасымен оксифильді

25. Оксифильді эритробласт.

A. ядросы тығыз кіші жасуша

B. ядросы қоймалжың кіші жасуша

C. ядросы бұршақ тәрізді жасуша

D. ядросы тығыз емес үлкен жасуша

E. ядросы көп тығыз емес кіші жасуша

26. Оксифильді эритробласт.

A. цитоплазмасы гомогенді оксофильді

B. цитоплазмасы гомогенді емес оксофильді

C. цитоплазмасы гомогенді полихромотофильді

D. цитоплазмасы гомогенді базофильді

E. цитоплазмасы гомогенді емес базофильді

27. Нейтрофильді метамиелоцит

A. ядросы бұршақ тәрізді.

B. ядросы тығыз гомогенді

C. ядросы домалақ

D. ядросы көп тығыз гомогенді

E. ядросы біреу гомогенді емес

28. Тимус қабығы.

A. тығыз талшықты дәнекер тіннен түзілген

B. тығыз талшықты дәнекер тіннен түзілмеген

C. жұқа эластикалық талшықтардан құралған

D. коллагенді талшықтардан құралған

E. коллагенді және эластикалық талшықтардан құралған

29. Лимфа түйінінің паракортикальды аймағында:

A. лимфоцитті тін диффузды түрді орналасады

B. лимфоцитті тін шеткі аймақтарында толық орналасады

C. лимфоцитті тін орталығында тығыз орналасады

D. лимфоцитті тін ядросы маңайында тығыз орналасады

E. лимфоцитті тін дәнекер тінмен бірге араласып орналасады

Эндокринді жүйе.

Гипоталамус – эндокринді жүйенің ең жоғарғы орталығы. Ол ағзалардың барлық ішкі ағзаларының (висцералды) қызметін жинақтаушы және реттеуші, сондай-ақ жүйке жүйесі мен эндокринді жасушалар қызметтерін байланыстырушы болып саналады. Мұндай байланыстырушы материалдар гипоталамустағы нейросекреторлық жасушалар болып саналады.

Гипоталамо – гипофизарлық жүйенің нейрогемалды ағзасы медиалды (аралық) төбешік – emіno medіalіsсаналады. Олар эпендимиология жасушаларынан құралған, бұл жасушалардың кейбірі танициттерді (өсінділі) құрайды.

Гипоталмустың сұр заты бас миының 3-ші қарыншасы қуыстығының айналасында орналасады (цитоархитиктоникасы). Жүйке жасушалары сұр затта бөлек-бөлек топтар – гипоталамус ядроларын құрайды. Адам және сүт қоректілер гипоталамусында 32 ядро болады (құрамында нейросекреторлық жасушалар бар). Әрбір нейросекторлық жасушада перикарион (денесі) және терминалды кеңістіктерді (нейросекрет ұштары) құраушы өсінділері болады (би және мультиполярлық жасушалар). Оларда ірі холинергиялық (пептидті) нейросекреторлық жасушалардан құралушы супраоптикалық ядролар болады (секретті гранула күйінде көрінеді). Гипоталамустың алдыңғы бөлімінде супраоптикалық ядролардан басқа паравентрикулярлық ядрода орналасады. Екеуінде де аксондары гипоталамо-нейрогипофизді шоғырлар құрап, медиалды эминенсия (төбешік) пен гипофиз аяқшасы арқылы, гипофиздің соңғы бөліміне өтеді. Оларда өндірілетін нейрогормондар нейробазалды синапстар (терминалдың қалың бөлігі) арқылы қанға өтеді.

Супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролардағы ірі нейросекторлық жасушаларда ақуызды табиғатқа ие 2 (екі) түрлі нейрогормон: вазопрессин (немесе АДГ – антидиуретикалық гормон) және окситоцин синтезделеді. Адамда АДГ супраоптикалық ядрода, окситоцин паравентрикулярлық ядро жасушаларында синтезделеді.

Паравентрикулярлық ядроның перифериялық (шеткі) бөлімдері ұсақ адренергиялық нейросекторлық жасушалардан құралған, аксондары медиалды эминенцияға бағытталады.

Гипоталамустың орта бөлімінде (медиовазалды және тубералды) – ұсақ нейросекреторлық жасушалар (пептидті адрененергиялық) – (аденогипофизотропты) нейрогормондар өндіреді, олардың қызметі арқылы гипоталамус аденогипофиздің гормон өндіру реакцияларын басқарады (реттейді).

Аденогипофизотропты нейрогормондар аз молекулалы олигопептидтер: а) либериндер – гипофиздің алдыңғы және орта бөлімі гормондарының өндірілуін күшейтеді; б) статиндер – аденогипофиз қызметін төмендетеді.

Гипоталамустың сұр заты төбешігіндегі – әрқуатты немесе инфундибулярлық ядролар, доға тәріздес гипофизді аяқшаны орайды.

Вентро – және дорзо –медиалды ядро нейрондары гипоталамустың латералды бөлімінің жүйке жасушалармен жанасып комиссуралды шоғырлар (қарама-қарсы бөлімінде орналасқан жүйке жасушаларымен жалғасушы) құрайды.

Либерин мен статиндер гипоталамустың арқуатты және вентромедиалды ядросында көп өндіріледі. Сондай-ақ перивентрикулярлық ядроның жасушалық бөлімінде ұсақ пептидті адренергиялық ядрода, перивентрикулярлық ядроның сұр затында, преоптикалық аймақта және супрахиазмалық ядрода өндіріледі.

Гипоталамус ядроларының нейросекреторлық жасушаларының өсінділері туберинфундибулярлық шоғыр күйінде медиалды эминенцияға (төбешікке) бағытталады. Ол жерде алғашқы капиллярлар қорымен аксовазалды синапстар құрайды.

Көрсетілген ядроларда өндірілген нейросекторлық жасушалар қанға өтеді және аденогипофиз қызметін басқарады (гуморалды). Гипофиздің артқы бөлімінде өндірілген гормондар гипоталамустың алдыңғы бөлімі ядролары жасушаларының өнімі болып саналады.

Гипоталамустың артқы бөлімінде мамилярлық және премамилярлық ядролар болады. Адамда мамилярлық ядро жұп болып латеральды және медиальды бөлімдерден құралған. Гипоталамустың орта және артқы бөлімдері арасында арқа гипоталамикалық ядро орналасады. Олардың нейрондарының ірілері ядроға қарай бағытталған шоғырға ие, бұл аймақ мамилоинфундибулярлық ядро (аралық-ядро) деп аталады.

Гипоталамустың шеткі эндокринді бездерге әсері —көрсетілген қызмет екі түрлі жолмен орындалады: 1. Гипоталамустың кейбір нейрогормондары гипофиз қызметін реттеу жолымен шеткі эндокринді бездерге әсер етеді. а) либериндер қызметі арқылы гипофиз (алдыңғы және орта бөлімі) жасушаларының гормон өндіру қабілетін күшейтеді. Стимулданған (күшейген) жасушалар гормон өндіреді, бұл гормондар шеткі эндокринді бездер қызметін күшейтеді; б) статиндар — қызметі арқылы гипофиз жасушаларының гормон өндіру қабілеті әлсірейді, олар өндірген гормондар шеткі эндокринді бездер қызметін төмендетеді (әлсіретеді). Осындай әдіспен гипоталамустың гипофиз арқылы шеткі эндокринді бездерге әсері трансаденогипофизарлық әсері (қызметі) деп аталады.

2. Гипоталамустың эфферентті импульстары симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер арқылы тікелей шеткі бездерге әсер етеді (эффекторларына). Бұл қызметте гипофизге әсер етпейді, сондықтан бұл әдіс парагипофизарлық деп аталады.

Шеткі эндокринді бездер қызметі кезінде гормондар мөлшері қалыпты жағдайдан асып кетсе, гипоталамус қызметіне әсері тиеді, нәтижесін гипоталамуста — либерин гормонын өндіру төмендейді, ал керісінше, статинды өндіру күшейеді.

Гипоталамусқа бас миының жоғары дәрежедегі бөлімдері: лимфалық жүйе, миндалинді (бадамшалы) ядролар, гиппокамп және эпифиз әсер етеді. Мұндай әсерлер бас миындағы кейбір жасушаларда өндіруші эндорфин және энкофолин гормондары арқылы орындалады. Көрсетілген гормондар гипоталамустағы нейроаминдарға, серотанин, ацетилхолин, катехоламиндерге (дофамин және норадреналин) әсер етеді.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1636 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.034 сек.)