АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 57

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Бүйрек

Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 5.

 

 

1- талшықты қабық; 2-қыртысты зат: а-бүйрек денешігі; б-нефронның проксимальді және дистальді бөлігі; в-милы сәулелер; г-жұлдызша тәрізді венула; 3-доғалы тамырлар; 4-милы зат; д-түзу каналдар (төмендеуші және жоғарылаушы бөлімдері, Генле ілмегі, жинақтаушы түтікшелер) (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Бүйректің азғана үлкейтілген препаратында бүйрек сыртынан ағзаның ішіне анық байқалмайтын жұқа талшықтар жіберетін тығыз дәнекер тін қапшықпен қапталғандығы көрінеді. Бүйрек паренхимасының қыртысты және милы заттарға бөлінуі дәл анықталады. Қыртысты заты қызыл түске боялған және 1) әр түрлі көлденең қиысулары бар көптеген өзектерден, 2) олардың арасында орналасқан бүйрек денешіктерінен тұратыны байқалады. Милы заты өте ашық түсті, бүйрек пирамидаларын құрайтын (piramides renales) тіке өзекшелерден құралған.

Көбірек үлкейту арқылы нефронның әр түрлі бөлімдерінің құрылысын көруге болады. Нефрон бүйрек ағзасының функциональді - құрылымдық бірлігін құрайды және бір-бірінен кейін тұратын, келесі бөлімдерден тұрады – бүйрек денешігі, проксимальді бөлім, Генле ілмегінің төмендеген тізесі (жұқа сегменті), Генле ілмегінің жоғарылаған бөлігі (қалың сегменті), дистальді бөлім және жинағыш түтікшелер.

Препаратта Мальпигий денешігі Баумен-Шумлянский қапшығының висцеральді және париетальді жапырақшаларымен қоршалған, оралымдар

түзетін қан қылтамырларының жүйесі сияқты көрінеді. Ішкі жапырақ қылтамырға өте тығыз жанасып тұрады және препаратта оларды ажырату өте қиын. Сыртқы жапырақ тегіс эпителий жасушаларының бір қабатынан құралған. Париетальді және висцеральді жапырақшаларының арасында қапшық қуысы жақсы көрінеді.

Қыртысты қабатта Мальпигий денешігінің маңында оралым өзекшелер орналасқан. Олардың ішіндегі проксимальді оралым өзекшелер (басты бөлімдер) ұзын цилиндр тәрізді жасушалардан құралған, өзекшенің қуысы тар. Өзекше қуысын қоршап тұратын жасуша ұшының талшықты жиегі бар.

Жасуша шекаралары көрінбейді. Үлкен сопақша пішінді ядросы жасуша ортасында орналасқан.

Дистальді оралым өзекшелерінің жасушаларында талшықты жиектер болмайды. Олардың ашық түсті цитоплазмасы және онша анық байқалмайтын шекаралары бар. Бұл өзекшелердің қуысы тегіс, домалақ болып келеді. Өзекшелердің қуысынан қызғылт түске боялған бидай тәрізді жиынтықтар табылады.

Генле ілмегінің жеке бөлімі кішкене диаметрлі, ашық түсті цитоплазмасы бар тегіс жасушалармен жабылған тік өзекше болып табылады. Соңғысы ядроны тар оралым түрінде қоршап, жұқа пластинка тәрізді базальді мембранада орналасады; өзекшенің қуысына жасушаның ядро құрамдас бөліктері кіріп тұрады. Жасушаның ядросы үлкен және көк түске боялған. Осыған байланысты Генле ілмегінің жұқа бөлімі препаратта көк түсті болып көрінеді және басқа қызыл түсті өзекшелерден ерекшеленеді.

Генле ілмегінің қалың бөлімі кеңірек қуысты. Ол конус тәрізді жасушалардан құралған, осыған байланысты аратісті болып көрінеді. Бұл ұзын кесіндісінде, ал көлденең кесіндісінде қуыс жұлдызша пішінге ие.

Сонымен, бүйректің қыртысты бөлімі (сыртқы бөлімі) оның құрамындағы құрамдас элементтерінің әр түрлілігімен сипатталады. Бүйректің тереңірек жатқан милы заты, керісінше, өзінің құрылысының бір түрлілігімен (бір қалыптылығымен) ерекшеленеді. Милы бөлімнің негізгі массасы препараттың көлденең кесіндісінде де, ұзын кесіндісінде де көрінетін жинағыш түтікшелер құрайды. Көлденең кесіндісінде жинағыш түтікшелер ішіндегі қуысы кең, домалақ, бір типті құрылымдар сияқты көрінеді. Жинағыш түтікшелердің қабырғасын куб тәрізді эпителий құрайды. Бұл жердегі эпителий жасушалары ашық түсті, ортасында үлкен, домалақ ядросы бар. Жасушаның шекаралары анық көрінеді.

 

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 963 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)