Адам эмбриологиясы
Эмбриология – акушерлік, педиатриялық, гинекологиялық пәндерінің ғылыми негіздері болып табылады. Тіндердің және ағзалар құрылыстарының қызметтерінің заңдылықтарын зерттеу олардың, патологиялық жағдайлардағы өзгеру мүмкіндіктерін түсіну үшін эмбриологияны білу қажет. Эмбриология білімі дәрігерге ұрпақтың даму аномалияларының алдын алу және табиғаттың, тұрмыстың қолайсыз жағдайларының жүктілікке әсерлерінің алдын алу үшін керек.
Адам эмбриологиясы мына мәселелерді зерттейді. Эмбриогенез (ұрықтану, бөлшектену, гаструляция ағзалар және тіндердің дамуы) кезеңін және плацентарлық тосқауылдың құрылымдық, метаболикалық және функциональды ерекшеліктерін; нәрестенің ақаулықпен туылуын, сондай-ақ эмбриогенез механизмінің реттелуін, т.б. зерттеп, үйренуіне бағытталган.
Аталған мәселелер: жануарларға эксперимент жасау, жүктіліктің қалыпты жағдайын және патологиясын клиникаларда зерттеп үйретіледі.
Эмбриология пәні - эмбрионды (нәрестені) бастаманың құралуы, құрылысы және даму заңдылықтарын зерттейді. Жеке адамның (жануарларға особьтың) барлық өмірін-онтогенез қамтиды, оның эмбрионды даму кезеңі эмбриогенез деп аталады. Жыныс жасушаларының дамуы және жетілуі – прогенез кезеңін қамтиды. Нәресте туылғаннан жыныстық жасқа жетілгенге дейінгі кезең - постэмброналды даму деп аталады (себебі ағза мен тіндердің қалыптасуы өтеді). Адам эмбриогенезін зерттеу үшін: сүт қоректілердің, төмен дамыған жануарлардың, т.б. эмбриогенезді сатыларын және заңдылықтарын (тарихи даму кезеңі - филогенезді) жақсы үйрену қажет.
Белгілі бір тіршілік етуші жеке топтар, типтер, т.б. үшін ерекше сипатқа ие онтогенезі болады, олардың әрқайсысы жеке эмбриологияда зерттеледі. Адам эмбрионының зерттелуі – адам эмбрионының жеке эмбриологиясы деп аталады.
Адам эмбриологиясын зерттеу үшін жануарлар дүниесі түрлерінің (жеке топтар, типтер, т.б.) тарихи дамуы (эволюция) кезеңдерін филогенезді жақсы білу керек. Әсіресе өте төмен дамыған (қияқ, құстар, т.б.-да) жануарлар эмбрионы дамуы кезеңдеріне (онтогенездің – эмбрионогенезі бөліміне) өте жақын болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2238 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|