Препарат № 8
Бас ми үлкен жартышарларының қыртысының қабаттары.
Бояуы: күміспен өңдеу. Үлкейтуі об.8, ок. 15.
1-молекулярлы қабат; 2-сыртқы дәнді қабат (дәнді және кіші пирамидалық жасушалар); 3-пирамидалық қабат: а-орташа және кіші пирамидалық жасушалар қабаты; б- үлкен пирамидалық жасушалар қабаты; 4- ішкі дәнді қабат (жұлдыз тәрізді және дән тәрізді жасушалар); 5-ганглиозды қабат (үлкен және алып пирамидалық жасушалар); 6-полиморфты жасушалар қабаты; 7-қан тамырлары (А.В.Рычко бойынша).
Бас ми қыртысы сыртынан жұмсақ қабықпен қапталған, онда қан тасымалдаушы капилярлары көп. Бас ми қыртысының сұр затында 6 қабаты ерекшеленеді:
1) Молекулалық қабат. Түсі ашық-сұр, тереңірек жатқан қаралау қабаттардан айқын ажыратылады.
Молекулалық қабат жүйке талшықтарынан құралады, олар тангенциальды бағытталған. Сол себепті көлденең кескенде жүйке талшықтарының қиылып қалғанын көреміз, ол дәнге немесе кішкене сызыққа ұқсайды.
Тангенциальды өрім де осында келеді, ол тереңірек жатқан жүйке жасушаларының талшықтарының шоғырынан пайда болады. Бұл жасушалар мөлшері өте кіші. Осы қабатта қан тасушы капиллярлар болады, олардың кейбіреулері бос, ал кейбіреулері қанға толы болады.
2) Бұл сыртқы дәнді қабат. Бұл қабат майда пирамидалы жасушалар жинақталуынан құралған. Пирамидалы жасушалардың төбешігі осы қабатта және басқа қабаттарда мидың сырқы қабатына қараған. Пирамида төбешігінен дендриттер шығады, олар молекулалы қабатқа тангенциальды өрімдері бағытталады. Аксондары пирамида негізінен алшақ болады.
3) Бұл орташа пирамидалы қабат. Бұл қабаттың қалыңдығы айтарлықтай. Көптеген пирамидалы жасушалардан тұрады, бірақ пішіні жағынан үлкендеу келеді.
4) Бұл ішкі дәнді қабат. Ол ұсақ жасушалардан құралған, бір бөлігі пирамидалы, бір бөлігі жұлдыз пішінді жасушалар.
5) Бұл үлкен пирамидалы қабат. Жүйке талшықтарының көлемі үлкендеу, бірақ алшақ орналасқан. Аксондары мидың ақ затына бағытталған.
6) Бұл полиморфты жасушалы қабат, жұқа әр түрлі жүйке жасушаларының шоғырынан құралған, кейбірі домалақ, пирамидалы және көпқырлы, жүйке жасушалары жүйке талшықтарында әртүрлі бағытта орналасқан. Сол себепті препаратта олар дән немесе қысқа сызықша пішінді көрінеді. Тереңірек мидың ақ заты жатады, ол жұмсақ жүйке талшықтарынан құралған.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 872 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|