Препарат № 55
Шаштың бойлық кесіндісі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.5.
1-эпидермис; 2-меншікті тері; 3-тері асты май қабаты; 4-шаштың түбірі; 5-ішкі түбірлі қынап; 6-сыртқы түбірлі қынап; 7-шаштың қалташасы; 8-шаштың фолликуласы; 9- шаштың емізікшесі; 10-май безі; 11- шашты көтеруші бұлшық ет
(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Шаштың екі бөлімі бар: 1) терінің сыртындағы бөлімі – шаштың өзегі 2) терінің арасындағы бөлімі – шаштың тамыры (түбірі). Шаш теріде қиғаш бағытталған. Шаш иірімделу қасиетіне ие. Препаратта шаштардың түрлі аймақтары көрінеді. Сондықтан препараттан шаштың толық бойлық кесіндісін табу керек. Шаштың теріге кіретін жерінде тері воронка құрайды. Воронкада шаш бос орналасқан. Терең бөлімдерінде шаш тығыз қабықтармен қоршалған. Шаштың өзінде:
1) Милы зат – меланин дәндеріне бай, куб пішінді жасушалардан құралған. Жасушалар арасында ауа көпіршіктері болады.
2) Қыртысты зат – пигмент дәндері бар созылыңқы жасушалардан құралған. Пигмент дәндері жасушалардың арасында да кездеседі.
3) Кутикула – қиғаш бағытталған бір қатар мүйізденген жасушалардан құралған.
Шаш түбірінің жоғарғы бөлімінде милы зат жойылып кетеді. Төменгі бөлімінде шаш кіші күңгірт жасушалардан құралған пиязшық түзеді. Бұл шаштың камбиальді бөлігі. Камбиальді бөлік шаштың өсуін қамтамасыз етеді. Тірі, өсуші шаштың пиязшығы екі мүйіз құрайды. Мүйіздер арасында дәнекер тінді сорғыштар (емізікшелер) болады, шашты қоректендіреді, және капилляр қантамырларына бай келеді. Өлген, түсуші шаштың сорғыштары болмайды, ал пиязшығы шар пішінді болады.
Түбірді шаш қапшығы қоршап жатады. Қапшықтың екі бөлімі бар:
1) сыртқы дәнекер тінді шаш қалтасы. 2) ішкі эпителиальді түбір қынабы.
Шаш қалтасында 3 қабатты ажыратамыз:
1) Сыртқы бойлық қабат. Арасында фибробласт созылыңқы ядролары орналасқан коллаген талшықтарынан құралған.
2) Ішкі айналмалы – арасында фибробласттардың домалақ ядролары орналасқан. Элластин талшықтары аз, жақсы көрінбейді.
3) Шыны тәрізді мембрана – эпидермистің базальді мембранасының жалғасы.
Түбірдің эпителиальді қынабы екі бөлікке бөлінеді:
1) Сыртқы түбір қынабы – эпидермистің Мальпиги қабатының жалғасы. Жоғары бөлігі кең, төмен жағы жұқа, шаш қалтасында сақталады. Ақшыл сия (сиреневый) түске боялады.
2) Ішкі түбір қынабы – жіңішке қою- қызыл түсті жолақ. Жоғары бөлігінде гомогенді жасушалар анықталмайды.
Ортаңғы бөлімінде, мойын аймағында ішкі қынапта кездеседі:
1) Бір қатар жартылай мүйізденген, созылыңқы ядросы бар цилиндр пішінді жасушалардан құралған. Генле қабаты – сыртқы қабат.
2) Кутикула – бір қатар мүйізденген жасушалардан құралған.
Кутикула қабаттары шашты теріде ұстап тұрады.
Шаш пен тері арасындағы доғал бұрышында май бездері орналасқан. Май бездері топ –топ болып орналасады, ашық түске боялады, алмұрт пішінді болады. Без сыртынан дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Базальді мембранасы анық емес. Мембранада кіші, күңгірт ядролы камбиальді жасушалар орналасқан. Бұзылған бездер орнын толтырып тұрады. Оның сыртында меншікті май жасушалары орналасқан. Олардың пішіні полигональді, ядросы домалақ. Жасушалар тері майына толғанда ядросы өледі, жасуша қабығы бұзылып ішіндегі май шығару түтігіне шығады. Май безі – голокринді без.
Бездің түбінде қиғаш бағытталған бұлшық ет – musculus erector pyli, орналасқан. Ол шашты тұрғызады және май бездерінен секрет шығуына көмектеседі. Бұлшық етті таяқша пішінді ядроларына қарап анықтауымызға болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 866 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|