Препарат №27
Тістің дамуының соңғы сатысы. Дентин және эмальдың бастамасы
Адам ұрығы жағының көлденең кесіндісі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок.10.
1- мезенхима; 2-сыртқы эмальды эпителий; 3-аралық қабат; 4-ішкі эмальды эпителий
(адамантобласттар); 5- эмаль; 6-дентин; 7- дентин алды; 8- одонтобласттар; 9- тістің
пульпасы (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Тістің дамуының соңғы сатысында, тістің негізгі құрылымдары дентин, эмаль және пульпаның пайда болуын көруге болады. Дамудың бұл кезеңінде пайда болып жатқан тістің тек бүйір жағында эмальды ағзалар жақсы көрінеді. Тістің жоғарғы (ұшында) бөлігінде эмальды ағзаның пульпасы болмайды, ал ішкі және сыртқы эмальды жасушалар бір-бірімен жанасады. Осы жерде іш жақтан мезенхимадан түзілген тіс бүртікшелері өседі. Тіс бүртікшелерінің шеткі жасушалары одонтобласттарға диференцияланады. Бұл сопақша ядролы биік призматикалық жасушалар. Бастапқыда одонтабласттар бүртікшелердің жиегінде бір қатарға орналасады. Одонтобласттардың ұшынан жіңішке талшықтар тармақталады. Олар тіс шаштары немесе Томес жіпшелері деп аталады. Осы жіпшелердің айналасында дентин пайда бола бастайды, ал Томес жіпшелері, дентинді каналдарға қатырылған.
Ары қарай дентиннің сыртқы қабатында әк жинақталады және бұл қабат қызғылт түске боялады. Одонтобластарға жанасатын дентиннің ішкі қабатында әк жинақталмайды және ол предентин деп аталады. Ол ашық қызғылт түске боялған. Дентин, ең алдымен, тістің ұшында пайда болады, ал одан кейін бұл процесс оның негізінде жүреді.
Дентиннен кейін эмаль пайда болады. Ішкі эмаль жасушалары адамантобласттарға дифференцияланады, олар бір қатарда орналасқан биік цилиндр тәрізді эпителиальды жасушалар. Адамантобласттардың ядролары домалақ және жасушаның шетінде орналасқан. Адамантобластардың дентинге
қараған шетінен эмаль пайда болады. Ол препаратта қызыл-қошқыл түсімен ажыралып тұрады.
Дәнекер тінді тіс бүртікшелері де дифференциялана бастайды. Онда коллаген талшықтары дамиды және ол біртіндеп пульпаға айналады. Гематоксилин-эозинмен боялғанда жүйке талшықтары айқындалмайды. Пульпаның жасушалары жас эмбриональды жасушалар. Жасушалардың бір бөлігі өсінділі көпбұрышты жасушалар. Кейбір жасушалар созылыңқы, ұршық тәрізді. Жасушаның ядролары ірі және сопақша тәрізді. Пульпада коллаген талшықтар айқындалмайды.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 877 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|