Препарат № 49
Кеңірдек
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 15.
1-көп қатарлы кірпікшелі эпителий: а-жасушалардың кірпікшелері; б- тірек тәрізді безді жасуша; 2-кілегей қабықтың меншікті пластинкасы; 3-кілегей асты негізі; в-кеңірдектің безі; 4-шеміршек үсті қабығы; 5-талшықты шеміршекті қабат; 6-қан тамыры; 7-сірлі қабық. (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Кеңірдектің қабырғасы төрт қабықтан тұрады: 1) шырышты қабық, 2) шырышасты қабық, 3) фиброзды-шеміршекті қабық, 4) сірлі қабық.
Кілегейлі қабық - t.mucosa тірек тәрізді жасушалардың қоспасы бар бірқабатты көпқатарлы эпителиймен қапталған. Эпителий астында кілегейлі қабықтың меншікті қабаты - t.propria орналасады, ол көлденең бағыттағы көп мөлшерлі элластикалық талшықтан құралған дәнекер тінінен тұрады. Кілегейасты қабық - t.submucosa борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Мұнда: 1) кілегей қабықтың бетіне қарай ашылатын аралас ақуызды – кілегей бездердің түтіктері, 2) жалғыз лимфатикалық фолликулалар, 3) көптеген қантамырларының капиллярлары, артериолалары, венулалары орналасады.
Фиброзды - шеміршекті қабық - t.fibro-cartilaginea гиалинді шеміршек сақиналарынан құралған. Шеміршекті сақиналар бүкіл кеңірдекті қаптайды. Тек артқы бөлігінде, яғни өңешке жанасатын жерінде шеміршекті сақиналар тұйықталмаған, ал шеміршектің бос ұштары тегіс бұлшықеттің жіңішке сызығымен біріккен. Препаратта шеміршекті сақинаның жеке шеміршек түріндегі шеміршектің бронхтардан айырмашылығы шеміршекті сақиналар бір-бірінен үздіксіз көрінеді. Кеңірдектің шеміршекті пластинкасы орталық бөлімінде шеміршекті жасушалардың изогенді топтарынан тұрады. Олар негізгі заттарда шеміршек ұзындығына перпендикуляр орналасқан.
Шеміршек жасушасында бір не екі ядрошығы бар, үлкен дөңгелек ядросы болады. Ядролардың боялу интенсивтілігіне қарай шеміршек жасушасының қартаю дәрежесін анықтауға болады. Қарт және кәрі адамдардың шеміршек жасушасында біртегіс кіші ядролары болады. Шеміршектің шеткі бөлігінде дара шеміршек жасушалары орналасқан. Олар шеміршек ұзындығына параллель, яғни препаратқа горизонталь екі-үш қабатта орналасқан. Сыртынан шеміршек шеміршекүсті қабатпен қапталған, ол тығыз талшықты дәнекер тінінен құралған.
Сірлі қабық - t.adventitia қалыптаспаған борпылдақ, талшықты дәнекер тіннен құралған.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 766 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|