АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат №10

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Ұсақ қан тамырлары: капиллярлар, артериолалар және венулалар.

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об 40, ок 10.

 

 

1- артерия; 2- артериола; 3- венула; 4-қан капилляры; 5-эндотелий жасушасының ядросы; 6- адвентициальды жасушаның ядросы; 7-тегіс миоциттің ядросы; 8- сирек талшықты дәнекер тін жасушаларының ядролары (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Ұсақ қан тамырларын зерттеу үшін әдетте шажырқайдың кесілмеген жұқа қабығын қолданамыз.

Кіші үлкейткіште ең алдымен бір-бірімен қиылысып, тор құрап жатқан көптеген ұсақ тамырларға назар аударылады. Бұл – капиллярлар.

Осы жіпше тәрізді капиллярлардан басқа, әр жерде әдетте бір-біріне параллель, екеу-екеуден орналасқан, кеңдеу тамырлар көрінеді. Бұл артериолалар мен венулалар. Оларды кіші үлкейткішпен де көруге болады. Тамырдың бірі қою күлгін түсті - бұл венулалар, екіншісі ашық түсті, ішінде қызыл түсті эритроциттер көрінеді - бұл артериолалар. Кейде бұл ерекшеліктерді үлкен үлкейткішпен ғана ажыратуға болады.

Капиллярлар үлкен үлкейткіште іші бос, жіңішке түтікшелер түрінде көрінеді.Тек кейбір капиллярларда ғана эритроциттерді табуға болады. Капилляр қабырғасының шетінде эндотелийдің бір қатарда орналасқан сопақша пішінді ядроларын көреміз. Әр жерде эндотелийге адвентициялды жасушалар мен перициттер жанасып жатады. Олардың ядролары да сопақша пішінді.

Артериолалар (прекапиллярлар). Олардың қуысы кеңдеу, шеттерінде эндотелийдің сопақша пішінді ядролары, ал олардың сыртында адвентициялды жасушалар орналасады.

 

Эндотелий жасушалары артериоланы ұзына бойлап орналасқан. Одан басқа артериолада көлденең орналасқан тегіс миоциттердің ядролары көрінеді. Бұл артериолаға тән қасиет. Бүйір бетінде тегіс миоциттердің ядролары нүкте түрінде көрінеді.

Венулалар (посткапиллярлар). Қуысы кең, әдетте артериоладан кеңдеу.

Қуысында көптеген эритроциттер көрінеді. Эндотелий ядролары сопақша пішінді болады, олар басқа тамырлардағы сияқты ұзына бойы бүйір беткейінде орналасқан. Бірақ, көлденең орналасқан тегіс миоциттердің таяқша пішінді ядролары көрінбейді.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1011 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)