Препарат № 50
Өкпе
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 10.
1-орташа бронхтың қабырғасы: а- көп қатарлы кірпікшелі эпителий; б- кілегейлі қабаттың меншікті пластинкасы; в-кілегейлі қабаттың бұлшықет пластинкасы; г-бронхиальды бездері бар кілегей асты негіздер; д-талшықты – шеміршекті қабаттың шеміршекті пластинкасы; е- адвентиция; 2-ұсақ бронх: е-екі қатарлы кірпікшелі эпителий; ж-кілегейлі қабаттың меншікті пластинкасы; з-кілегейлі қабаттың бұлшық ет пластинкасы; 3-соңғы бронхиола; 4-респираторлы бранхиола; 5-альвеолярлы жол; 6-альвеолярлы қапшық; 7-альвеола; 8-қан тамырлары (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Өкпе – тармақталған бронхтар және өкпе көпіршіктері – альвеолалардан тұрады. Препараттан әртүрлі калибрдегі бронхтар мен альвеолалар көрінеді:
I. Ірі калибрдегі бронхтар, оларға басты және бөлшекті бронхтар жатады. Басты бронхтар кеңірдек жалғасы болып саналады және өкпеден тыс орналасады. Бөлшекті бронхтар басты бронхтардың бөлінуі нәтижесінде өкпе тіні айналасында түзіледі. Ірі калибрлі бронх қабырғасы төрт қабықтан құралған:
1) Кілегейлі қабық: А) тірек тәрізді жасушаның қоспасы бар бір қабатты көп қатарлы цилиндр тәрізді кірпікшелі эпителий; Б) көлденең бағыттағы элластикалық талшықтарға бай кілегейлі қабықтың меншікті қабықшасы; В) циркулярлы бағытталған тегіс бұлшықеттен құралған бұлшықетті қабаты (бұл тыныс алу бұлшықеті не Рейссесен бұлшықеті). Препаратта фиксатор әсерінен және тіннің өлімнен кейінгі жиырылуынан кілегейлі қабық қатпар түзеді.
2) Кілегейасты қабық борпылдақ тін қалыптаспаған дәнекер тіннен құралған. Мұнда аралас бронхиальды бездердің көпшілігі орналасады, осы жерден көптеген ұсақ қантамырлар шығады.
3) Фиброзды – шеміршекті қабық – гиалинді шеміршектің бірнеше пластинкаларынан тұрады. Басты бронхта шеміршек пластинкасы барлық бронх айналасында орналасады, ал бөлшекті бронхта бір жағынан ғана орналасады.
4) Сірлі қабық – үлкен қантамырлары бар борпылдақ дәнекер тінінен құралған. Мұнда лимфатикалық фолликулалар да орналасқан.
II. Орта калибрдегі бронхтар: бөлшекаралық және бөлшекасты.
1) Бөлшекаралық бронхтарда цилиндр тәрізді эпителий жасушасының биіктігі шамалы кіші. Тірек пішінді жасуша саны да аз. Рейссесен бұлшықеттері күштірек дамыған. Кілегейасты қабатта бездер санының азаюы байқалады. Шеміршек пластинкалары бронх қуысының кейбір бөлігін ғана алып жатады. Талшықты қабат басты бронхқа қарағанда сирек орналасқан.
2) бөлікасты бронх эпителиі төмен цилиндр тәрізді, көпқатарлы, кірпікшелі. Бокал тәрізді жасушалары да аз. Рейссесен бұлшықеттері бөлікасты бронхта бронх айналасында біртегіс жуан қабат болып орналасып, өзінің жоғарғы дәрежесіне жетеді. Кілегейасты қабықта кілегей бездері бір-біреуден кездеседі. Шеміршек пластинкасы жоқ, кейде жалғыз пластинка көруге болады.
III. Ұсақ калибрлі бронхтар: бөлікішілік және терминальді.
1) Бөлікішілік бронхтар іш жағынан екі қатарлы, төмен цилиндрлі эпителиймен қапталған. Тірек пішінді жасушалар өте сирек кездеседі. Рейссесен бұлшықеттері әлсіз көрінеді. Кілегейасты қабық жоқ деуге болады, сондықтан кілегейлі бездер де жоқ. Фиброзды және сірлі қабаттары жоқ.
2) Соңғы терминальді бронх куб тәрізді эпителиймен қапталған. Кілегейдің меншікті қабығы әлсіз көрінеді. Рейссесен бұлшықеттері спираль тәрізді талшық түрінде кездеседі.
Өкпенің респираторлы бөлігі ацинустардан құралған. Ацинус респираторлы бронхиола, альвеолалы қапшық және альвеоладан тұрады. Альвеолада респираторлық қызмет, яғни қан мен ауа арасындағы газ алмасу жүзеге асады.
Альвеолалар – қабырғасы негізінен бірқабатты жалпақ альвеолярлы эпителиймен қапталған көпіршіктер. Альвеолярлы перделер аймағының кей жерінде аз мөлшерде камбий қызметтін орындайтын куб тәрізді эпителий жасушасы орналасады. Альвеолярлы эпителийден кейін базальды мембрана, одан кейін бөлікаралық пердеден өтетін, қантамырларының капиллярлары кіретін t.propria орналасқан. Альвеолалар бір-біріне жанасып жататындықтан, капиллярлар бір мезетте екі альвеоламен шектеседі, бұл газ алмасуға қолайлы жағдайды жасайды.
Т.propria-да, сондай-ақ шаң жасушаларының жиынтығы да көрінеді. Олар ауамен енетін шаң және тағы басқа ұсақ бөлшектерді фагоциттейді. Альвеоланың эластикалық каркасы кәдімгі препараттан көрінбейді. Арнайы бояулар қажет.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1011 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|