Препарат № 3
Жұлын (мойын бөлігі).
Бояуы: күміспен өңдеу. Үлкейтуі х 10.
1-жұмсақ қабық; 2-артқы орталық тосқауыл; 3-ағза: а-артқы арқаншалар; б-бүйірлі арқаншалар; в-алдыңғы арқаншалар; 4-сұр зат; г-артқы мүйіз; д-бүйірлі мүйіз; е-алдыңғы мүйіз; ж-ми тосқауылдары; з,и-ортаңғы аралық зат; 5-орталық канал; 6-алдыңғы орталық ойыс (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Жұлынның мойын бөлігінің көлденең кесіндісі сопақша пішінді. Жұлын симметриялы екі жарты бөліктерден тұрады. Бұл бөліктерді вентральды аймағында вентральды қуыс бөледі, ал дорсальды бөлігінде орталық дорсальды перде бөледі, бірақ ол кез келген сәтте айқын көрінбейді. Жұлында сұр заты мен ақ заты бар. Ақ заты жұлынның шетінде, сұр заты ортасында орналасады. Сұр заты көбелек пішінді. Сұр заттың екі жарты бөліктері сұр байламмен қосылған. Осы сұр байламның ортасынан жұлын каналы өтеді.
Көлденең кесіндісінде қуыс түтікшелері, бір қабатты биік цилиндрлі жасушалармен қоршалған. Олар эпендима жасушалары.
Ақ заты көптеген жұмсақ жүйке жасушалары шоғырынан құралған. Көлденең кесіндіде жұмсақ талшықтар сақина тәрізді, осы сақина ортасында көк нүктелер бар, олар біліктік цилиндрдің көлденең кесіндісінің көрінісі. Кей жерлерінде Шванн жасушаларының ядролары байқалады. Сұр заты алдыңғы және ұзын артқы мүйіздерден құралған. Алдыңғы мүйіздерінде үлкен мультиполярлы жүйке жасушалары орналасады.
Бұл жасушалардың ядролары ашық түсті, көпіршікті, кішкене қара қошқылдау ядрошығы бар. Бұл жасушалардың өсінділері гематоксилин -эозинмен боялғанда анық көрінбейді.
Дәлірек айтсақ, бұл әдіспен бояған жұлынның тек ортақ көрінісін ғана бақылай аламыз. Ал бөлшектеп зерттеу үшін арнайы бояу әдістері қажет. Ол үшін күміспен бояу әдісі қолданылады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 945 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|