Препарат №46
Бауырдың Купфер жасушалары
Бояуы: Гематоксилин-эозин.
Трипті жаңа синьмен витальді бояу, келесі бояу карминмен.
1-бауыр трабекулалары; 2-бауыр жасушаларының ядролары; 3- пигментті түйіршіктері бар жұлдызша пішінді эндотелий жасушалары; 4-синусоидты қан капиллярларындағы эритроциттер (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Кіші үлкейткішпен қарағанда бауырдың кең ашылған капиллярлары бар бөліктерін таңдайды. Зерттеуді өте үлкейтіп жасайды. Карминмен алқызыл түске боялған бауырдың бұрыштық жасушалары көрінеді. Бауыр жасушаларында ядрошықтар бар, дөңгелек ашық ядролар анық байқалады. Бауыр жасушаларының жинағы бауыр балкаларын құрайды. Бауыр балкаларының арасында кең капиллярлар орналасқан. Олардың қабырғаларын Купфер жасушалары түзеді. Олар жұлдыз тәрізді, бұрыс формалы, кішірек жасушалар; барлық цитоплазмасы алдын-ала енгізілген синька дәндерімен толған. Жасуша ядролары бауыр жасушаларының ядроларынан өте қатты ерекшеленеді. Купфер жасушаларындағы ядролар сопақша пішінді, хроматинге бай болғандықтан, қанық түсті болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 926 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|