Препарат № 67
Менструациядан алдыңғы жатыр
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі х 140.
1-кілегейлі қабық (эндометрий):а-функциональді қабат; б-кірпікшелі эпителиоциттер; в-қанға тола қантамырлы, белсенді түрде секрециялаушы базальді қабат; 2-жатырдың бұлшықет қабаты – миометрий (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Жатырдың құрылысы менструальді циклдің түрлі кезеңдерінде өзгеріп тұрады. Өзгерістер негізінен эндометрий қабатында жүреді.
Менструациядан алдын эндометрий едәуір қалыңдайды. Жатыр бездері ұзарып, кеңейеді. Эндометрийдің беткейінде бездер тармақталмай, тығыз қабат құрайды. Эндометрийдің терең қабатында бездер тармақталып, кең қуыстар түзеді. Бұл кеуек қабат.
Тығыз және кеуек қабат қосылып жатырдың pars functionalis – функционалды қабатын құрайды. Бұл қабатта жатыр бездерінің соңғы бөлімдері орналасады.
Жатыр бездерінен басқа t. propria – меншікті қабатта қанға тола веналар көрінеді. Бұл жерде орналасқан артериялардың қабырғасы қалың болады. Миометрий қабатында тамырлар гиперемиясы байқалады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 839 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|